Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті
УЕ-ХҚТУ-027-2022
Сапа менеджментінің жүйесі
Университет ережесі
Университет білім алушыларының үлгеріміне ағымдық бақылау,
аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің ережесі
72 беттің 58–ші
беті
Қосымша 21
ЕМТИХАН ӨТКІЗУ КЕЗІНДЕГІ ТІРКЕУШІ ОФИСІ ӨКІЛІ
Міндетті:
1. Емтихан өткізу кезеңіне қатысты барлық ережелерді білуге;
2. Аралық аттестаттау кезінде алдын ала белгіленген шифрлеу-дешифрлеу бөлмесінде болуға;
3. Емтихан қабылдаушыдан емтихан құжаттарын* сәйкес қабылдап алуға және конверттің
сыртына қабылданған құжаттар санын растап қол қоюға;
4. Қабылданған жазба жұмыстарын шифрлеуге;
5. Жауап парағында идентификациялық белгілері (аты-жөнін, қолтаңба және т.б. күдік тудыратын
белгі) бар жұмыстарды акт арқылы жою және жауап парақтар мен актіні жұмыс комиссиясына
өткізуге;
6. Шифрленген жұмыстарды тексеру орнының өкіліне өткізуге және бұл жайлы конвертке сәйкес
жазба қалдыруға;
7. Тексерілген жұмыстарды тексеру орнының өкілінен қабылдап алып, бұл жайлы конвертке
сәйкес жазба қалдыруға;
8. Тексерілген жауап парақтарын дешифрлеуге;
9. Емтихан бағаларын 100 ұпайлық жүйеде емтиханға қатысу парағына қоюға;
10. Шифрлеуге/дешифрлеуге қатысты мәліметтердің құпиялығын сақтауға.
Тыйым салынады:
1. Шифрлеу/дешифрлеу бөлмесіне жұмыс комиссиясы мүшелерінен басқа бөгде тұлғаларды
кіргізуге;
2. Бөгде адамдарды жұмысқа қатыстыруға;
3. Шифрлеу үдерісіне кедергі жасауға;
4. Шифрлеуге/дешифрлеуге қатысты мәліметтерді бөгде тұлғаларға хабарлауға және/немесе
беруге;
5. Емтиханнан шығу актілерін өзіне алып қалуға;
6. Шифрлеу/дешифрлеу бөлмесіне шығып кетуге, ұялы телефонмен сөйлесуге, газет-кітап оқуға,
жазу жазуға немесе басқа да өз шаруаларымен айланысуға.
* емтихан құжаттарына негізгі және қосымша жауап парақтары, емтиханнан шығарылу
актісі (толтырылған және пайдаланылмаған) және емтиханға қатысу парағы кіреді.
Аталған ережені
Достарыңызбен бөлісу: