жүз жылқы деп екі жүз жылқы алыпты. Сонымен, Кӛтештің ӛлімі хақындағы әңгімелер
бір–ақ нәрсеге саяды, ол– ақынның кісі қолынан ӛлуі.
Кӛтеш –импровизатор. Халқымыздың әдеби мұралары жайында құнды еңбектер
қалдырған А.Е.Алекторов ӛзінің бір мақаласында импровизаторлар жайында айта
келіп,олардың ақындық қуатына, ӛлең шығарғыштық қабілетіне таңырқайды.
Қазақ
ақындары кез келген тақырыпқа, ешқандай алдын ала дайындықсыз, табан аузында ӛлең
шығарып айта береді дейді ол. Ал профессор Е.Ысмайылов: «Әр түрлі тақырыпқа
бӛгелместен, қолма–қол ӛлең–жыр айту – жүйрік ақынның бір белгісі. Қазақ
ақындарының ежелгі салтында жылдам, бӛгетсіз, тыңнан ӛлең шығарып айта білмегенді
күшті ақындеп танымайтын», –деп жазады. Осы тұрғыдан алғанда, Кӛтеш – таза қазақ
түсінігіндегі ақын және күшті ақын. Кӛтештің бізге жеткен ӛлеңдері түгелдей
экспромтпен (дайын,әзір) айтылған шығармалар. Кӛтеш – кез келген нәрсені ӛлеңге
айналдыра алатын ақын және күй талғамайтын жүйрік. Бірде жаңа жұртқа қонғанда,
азғана қойы түнде қотанда жатпай, ӛре береді. Сонда Кӛтеш
қойларына арнап былай
жырлайды: «Қойым–ау, кел, қойсаңшы ӛргеніңді, Мен айтамын кӛзіммен кӛргенімді.
Құйрығыңды бір ит–құс алып кетсе, Сен онан ала алмассың бергеніңді» дейді.
Әйелі қазымыр, келіні шайпау болып, Кӛтеш қартайған кезінде от басының
қызығын кӛре алмапты. Бірде ел кӛшкенде жуас атты келін мініп, қарт ақынға асау байтал
қалады. Ол заманда кӛш жӛнекей ауылдың ақсақал, қарасақалдары мәслихат құрысып, ӛз
алдына бір бӛлек жүріп отырады екен. Бір құрдасы келіп: «Ақын, жүр, кӛш алдына шығып
аяңдай берейік»,– дегенде асаудан именіп келе жатқан Кӛтеш қорланып былай дейді:
«Қартайғанда қатының дұшпан болды, Баласымен бірігіп қысқан болды. Келін деген бір
пәле тағы шығып, Біреуі іштен, біреуі тыстан болды. Қартайғанда қатының қазба дейді,
Келін менен балаға жазба дейді. Ат болса, айғыр болса солар мініп,
Шолақ байтал
қақбасқа аз ба дейді. Бала–бала деуменен мазалымыз, Баладан болар білем ажалымыз.
Баламызға жалынсақ жан сақтар ек, Келін деген даяр тұр тажалымыз». Бұл сӛздерді
естіген шайпау келін атасын тағы қианаттайды. Сонда ашынған Кӛтеш оған да ӛлеңмен
жауап қайырады. Жоғарыда келтірілген ӛлеңнен Кӛтештің шаруасы шағын адам
болғандығы кӛрінеді. Ел әңгімелеріне қарағанда ақын ӛмір бойы кедейшіліктің тақсіретінт
артып ӛтіпті. Алайда тұрмыс талқысының қатаңдығына қарамастан ол ешқашан мал үшін
жағын жалдап, тілін беземеген, тіленшіленбеген. Бұл– Кӛтештің арлы ақын болғандығын
кӛрсетеді. Кӛтеш қартайған шағында аурулы болады. Жарлылық және сырқат салдарынан
ақынның кейде елмен бірге кӛшіп жүре алмай, қыстауда қалып қоятын кездері де болған.
Кӛтештің бұл кездегі ӛлеңдерінен ӛзінің қолының қысқалығына налу,ӛмірге наразылық
сарындарының кейбір нышандары байқалады. «Сексен ерікке қоймадың–ау қалжыратып,
Қайтіп ӛлең айтармын алжып жатып, Сексен түгіл тоқсанға болмас едім, Ұсақ турап ет
берсең балбыратып» , – дейді жетімсіздіктің зарын шеккен қарт ақын. Алайда бойда қуат,
жүректе от бар күн
артта қалғандығын мойындап, ӛлімге бет бұрады. «Кәрілік, жылы-
жұмсақ ас жарай ма, Қазы, қарта, жал, жая, бас жарай ма? Кәрілік, мұның бәрін
жақтырмайсың, Үйген топырақ, қалаған тас жарай ма?!»
Ӛлеңге бӛгелмейтін тапқыр Кӛтеш ӛз заманында талай айтыстарға да түсіп жүрген.
Шал мен екеуі бізге белгілі айтыс ақындарының ішіндегі ең кӛнелері. Алайда Кӛтештің
айтыстарының дені сақталмаған. Ал сақталғандары – негізінен бірер ауыздан ғана келетін
қақпа сӛздер. Кӛтеш ақынның баспа жүзін кӛрген шығармалары онша кӛп емес. Ел
арасында іздестірсе әлі де табылып қалуы мүмкін. Бұныкі басқа ақындардың
шығармаларына да еніп кетуі кәдік. XV-XVIII ғасырлардағы қазақ ақын, жырауларының
шығармаларының ара жіктері, текстологиялық табиғаты әлі анық ажыратылып, зерттелген
жоқ. Бұл келешектің ісі болмақ. Ӛлеңдеріне қарағанда Кӛтеш те, Шал да мұсылманша
сауатты болғанға ұқсайды. Кӛтеш ақынның: «Ай қараңғы, күн бұлт, түн демеңіз, Біреу
жарлы, біреу бай, күндемеңіз. Ата тілін сыйлаған адал ұлды, Хат оқыған молдадан кем
демеңіз», – деуіне қарағанда, шешеннің жазу, сызудан хабары болған-ау деген ой келеді.
Ӛлеңдерінің құрылысы, ұйқасы, мазмұн жинақылығы соны меңзейді. Кӛтештің қолда бар
ӛлең, нақылдары кӛбіне бірыңғай қара ӛлеңмен келген. Алдыңғы ӛткен жауынгер, батыр
ақындарда кездесетін тӛкпелі,
шұбыртпалы, алма-кезектесіп айтылатын жыр жолдары
Кӛтеш пен Шалда сирек жолығады. Дегенмен, ӛлеңінің түрлілігі жағынан Шал
басымырақ. Ӛйткені, мың жолға жуық әдеби мұра қалдырғаннан кейін Шал туралы сӛз әрі
ауқымды, әрі арналы бола түспек. Тарихи деректер тапшы болғанына қарамастан, екі
замандас ақынның кешкен ғұмыр, тіршілігі, нені ойлап, нені армандағаны, айналасы мен
қалай қарым-қатынаста болғаны ӛздерінің ӛлеңдерінен ап-анық кӛрінеді. Екеуі де ӛлеңмен
ӛз ӛмірбаянын жасап кетті. Ӛлеңдеріне қарағанда Кӛтеш аса діндар адам болмағанға
ұқсайды. Кӛтештің, тегінде, дін жӛнінде ӛзіндік түсінік-пайымы болған тәрізді. Кейде
қораштау кӛрінетін Кӛтештің тӛрттағандарын Шалдың шымыр да шырайлы жолдары
толықтыра түседі. Екеуі де алдыңғы сапта ӛткен Шәлгез, Ақтамберді, Тәтіқара, Үмбетей,
Бұқар туындыларындағы асыл ойларды одан әрмен жалғастырып, жан-жақты ӛрісті етіп
жібереді.
Кедейшілікті, кәрілікті, жастықты айту жағына жақын әкеледі, яғни нені айтса
да нақтыландырады, белгілі бір желіге тізіп береді. Кӛтеш ӛлеңдеріндегі зілді ирония,
ащы юмор ол кісінің ӛмірден кӛп қорлық кӛргендігін баяндайды. Әйтсе де, айтайын
дегенін әрдайым қысқа сӛзбен сездіріп, әлденені іркіп қалған секілді боп кӛрінеді. Әлде
бұл ой ақын шығармаларының бізге толық күйде жеткендігінен шығар. Қайтсе де Кӛтеш
те, оның замандасы, әріптесі Шал да айтуға келгенде алға адам салмаған саңлақ жүйріктер
тобына жататыны хақ.
Достарыңызбен бөлісу: