Қазына Капитал Менеджмент


Меншік: қордағы миноритарлық үлес (10-20%  макс.)  География



Pdf көрінісі
бет46/55
Дата28.02.2023
өлшемі1,59 Mb.
#170473
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   55
Байланысты:
Стратегия развития кк

Меншік:
қордағы миноритарлық үлес (10-20% 
макс.) 
География:
Қазақстанда 
стресстік 
активтердегі 
қорларды 
тәжірибелі 
басқарушылардың болмауын ескере отырып
қордың инвестициялық бағыты Қазақстан мен 
Азияға бағытталған 
Мақсатты қор:
жақсы тарихы бар және 
тәжірибелі GP бар қор. Қорды таңдау дұрыс 
жүргізілген Due diligence процесі негізінде 
жүзеге асырылуы тиіс. 
Дереккөзі: ҚКМ талдауы


52 

 ҚКМ МЖӘ инфрақұрылымдық жобалар нарығын дамытуға қатысуы: 
Жалпы, Қазақстанда транзиттік инфрақұрылымды, энергетиканы, әлеуметтік, сондай-ақ 
коммуналдық құрылысты қоса алғанда, барлық бағыттар мен секторларда инфрақұрылымдық 
инвестициялар нарығының белсенділігі байқалады. Елдің қолайлы геосаяси орналасуына, жол, 
теміржол және су арналарының болуына байланысты транзиттік инфрақұрылым 
инфрақұрылымдық құрылыстың неғұрлым перспективалы бағыттарының бірі болып табылады. 
Әлеуметтік инфрақұрылымға сұраныстың артуы медициналық және білім беру 
салаларында МЖӘ жобаларын іске асыру үшін мүмкіндіктер ашады. Ауруханалар салу 
саласындағы МЖӘ жобалары инвесторларға тиімді шарттарды ұсынады, соның ішінде 
тіркелген және бюджетпен қорғалған күрделі шығындар өтемақысы, операциялық және басқару 
төлемдері, сондай-ақ әртүрлі салықтық субсидиялар. 
Сондай-ақ, 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мемлекет үшін негізгі 
ұзақ мерзімді басымдық болып табылатынын атап өткен жөн. Қазіргі уақытта Үкімет жеке 
инвесторлар үшін жаңартылатын энергия секторындағы тартымды инвестициялық 
жағдайларды ұсынуда. Жаңартылатын энергия өндірісінің әлеуетін, ХҚҰ-ның қатты қолдауын 
және мемлекеттік ынталандыруды ескере отырып, митигация және климаттық өзгерістерге 
бейімделу саласындағы жобалар жеке инвесторлар үшін (халықаралық, сондай-ақ жергілікті) 
тартымды инвестициялар объектісі болып табылады. 
Нарықтың одан әрі дамуы үшін әлеуетін ескере отырып, ҚКМ жергілікті институционалдық 
инвесторларды және/немесе халықаралық қаржы институттарын тарта отырып, жоғарыда 
көрсетілген салалардағы инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға бағдарланған 
қор/платформалар құру арқылы инфрақұрылымдық активтер нарығының дамуына ықпал ететін 
болады. 


53 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет