Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет126/154
Дата02.03.2023
өлшемі1,64 Mb.
#170745
түріБағдарламасы
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   154
Байланысты:
Ббк 81. 2 С 94 аза стан Республикасы

диалогтер
(кейіпкерлер сөзі) болып бөлінеді. Сондықтан 
көркем шығармада баяндаудың авторлық нормаларын айқын-
дап алу қажеттілігі туады. Көркем прозада баяндаудың төрт 
түрлі болатыны айтылып келеді:
1. Баяндау автордың өз атынан жүргізіледі. Көркем 
прозаның көптеген туындылары, әсіресе роман, повесть 
сияқты ірі үлгілері баяндаудың осы түрімен жазылады. Мы-
салы, М.Әуезовтің «Абай» эпопеясы, Ғ.Мүсіреповтің «Оянған 
өлкесі», Ғ.Мұстафиннің «Шығанағы», Т.Ахтановтың «Бора-
ны», Ә.Кекілбаевтың «Үркері» т.б.
2. Баяндау әңгімелеуші кейіпкерлердің атынан (бірақ 
стильдік бояусыз) жүргізіледі. Қазақ көркем сөзінде бұл әдіс 
те көп қолданылады. Әсіресе авторлық баяндаудың бұл түрі 
қысқа әңгіме, повестерде кеңінен пайдаланылады. Мысалы, 
53
Одинцов В.В. 
О языке художественной прозы. - М., 1973. - С. 17.


245
М.Ысқақбаевтың «Арпабектің сары атаны» де ген әңгімесі, 
Ш.Мұртазаевтың «Табылған теңіз» повесі кейіпкер атынан 
баяндалғанымен, бұлардың тексінде автор жергілікті сөз, 
қарапайым сөз, ауызекі сөйлеу тілі элементтері дегендерді әдейі 
қолданбайды. Стильдік элементтер мұндай шығармаларда диа-
логтерде ғана жұмсалады.
Әңгімелеуші кейіпкер аталмайды, бірақ баяндау стилі сол
кейіпкердің көзқарасымен (бағалауымен, тануымен т.т.) бе-
ріледі. Мысалы, Ә.Кекілбаевтың «Құс қанаты» повесі ауыл-
да туып-өскен, оқымаған «шұбалаң жаулық қара кемпірдің» 
көзімен (сөзімен) баяндалады. Сондықтан мұнда ауызекі сөй-
леу тіліне тән қарапайым элементтерде: 
бозымбай
(боз өкпе), 
ұшпақ
(жұмақ), 
бұтқа толу 
(бәлдену), 
тортиып жүру
(рен-
жу), 
жырқылдау т.б.
сияқты қарапайым сөздер де, 
бойлы-сой-
лы
(жақсы, текті), 
дызықтау 
(асығу), 
бөтеке
(бүйрек), 
шатпа
(төрт қанат киіз үй) т.б. тәрізді жергілікті сөздер де, 
шүйке бас, 
сидаңдаған қу сирақ, енесі пақыр, атасы жарықтық
сияқты 
т.т. стильдік бояуы бар өзге сөздер де автор тілінен орын алған.
Сол сияқты Ә.Нұрпейісовтің «Сең» романындағы авторлық 
баяндаулардың жалпы бояуы (тоны) да көп нәрсені түзетпек 
болған, тартылып қалған Аралдың тағдырына араласпақ ниеті 
бар, өзі адал, сондықтан «жуан қаралар» мен беймаза Бәпиза 
жұбайына, тойымсыз енесіне – қысқасы, айналасына сын 
көзімен қарайтын бас кейіпкер – берекесіз тірлік кешкен «ит 
мінезді» Жәдігер Әміржановтың танымы, бағалауы, көруі 
арқылы берілген. 
4) Әңгімелеуші аталады да шығарма сол кейіпкердің ау-
зымен баяндалады. Баяндаудың стильдік бояуы әңгімелеуші 
кейіпкердің сөз саптауына бағындырылады. Мысалы, Б.Май-
линнің «Шұғаның белгісі» атты әңгімесі І жақтан сөйлеген 
автор сөзімен басталғанымен, ондағы әрі қарай баяндалатын 
барша оқиға жолаушылап келе жатқан адамдардың бірі – 30-
40 жастардағы қарапайым ауыл адамының аузымен, соның 
сөйлеу үрдісімен беріледі. Сондықтан мұнда сөйлемдер қысқа-
қысқа. Әңгімеде 
немене еді

тәйірі соның өлеңі
... 
ой, Алда-ай, 
қызық заман екен-ау... әйдай
(«Есімбектің үлкен үйі лық толған 
адам, қымыз ішіп, 
әйдай,
қызды-қызды болып жатыр екен»), 


246
дүниені сөткен адам... Зәйкүл – сөзшең қатын... Айнабай
– 
қызыл көзді пәле...
деген сияқты ауызекі тілдің сөз мәнері еркін 
қолданылған.
Міне, баяндаудың осындай төрт түріне байланыстыра сөз
тандау, сөйлем құрастыру заңдылықтарын (нормаларын) та-
нып-білу қажеттігі туады, бұл – қазақ тіл ғылымында әзірге 
там-тұмдап қолға алына бастаған сала. Бұл ретте соңғы жыл-
дарда жарық көрген X. Кәрімовтің «Қанатты тіл» (1995) мо-
нографиясы, Б. Шалабаевтың «Көркем проза тілі» (1994), 
М. Серғалиевтің «Көркем әдебиет тілі» (1995) атты моногра-
фияларын атаймыз.
Сондай-ақ «қазақ көркем сөзінде диалогтер арқылы об раз
жасау деген бар ма, бізде «қала тілі», «ауыл тілі» (орыс тілін-
дегідей «городская речь», «крестьянская речь» т.т.) дегендер 
бар ма, бар болса – олардың көркем әдебиеттегі көрінісі қандай, 
жоқ болса – диалогтерді беруде өзге ерекшеліктер байқала ма?» 
деген мәселелер де күн тәртібінде тұр. Осы орайда бұрынғы 
(бұдан 50-60 жылдар бұрынғы) және қазіргі (соңғы 20-30 жыл 
ішіндегі) қазақ прозасында автор сөзі мен кейіпкер сөзінде 
айырмашылық бар ма, жоқ па; автордың тіліндегі белсенділігі 
(жазушының өзіндік көрінісі) деген байқала ма; кейіпкер тіліне 
автордың килігіп кетуі, яғни өз тілін кейіпкердің аузына са-
луы немесе керісінше, авторлық баяндаудың кейіпкер тілімен 
берілуі деген сияқты стилистиканың тың мәселелері алдымыз-
дан және шығады.
Сөйтіп, лингвостилистика көркем текске эстетикалық си-
паттама беруді көздейді, яғни көркем шығармадағы сөздің 
ерекше қызметін: стильдік жүгін, құбылысын айқындайды.
Ал көркем шығарма тілі мен жалпы ұлттық әдеби тіл 
нормаларының арақатынасын қарастыратын екінші аспектіге 
келсек, бұл ретте, ең алдымен, ұлттық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   154




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет