М.Қанабекова



Pdf көрінісі
бет24/138
Дата03.03.2023
өлшемі1,98 Mb.
#170987
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   138
 
2.3.3. Ғылыми стиль 
 
Ғылыми стиль – ғылымның дамуымен, ғылыми-зерттеу 
еңбектердің пайда болуымен байланысты туған стиль. Оған әр 
мамандық, әр ғылым саласында жазылған шығармалар тілі 
жатады. 


Функционалды стильдердің пайда болуын, қалыптасу 
жолын, әдеби тіл тарихында алатын орнын, маңызын қарас-
тыратын тарихи стилистика деп аталатын маңызды саласы ай-
қындалып қалыптасуда. Тарихи тұрғыдан сол ғылым саласы 
үшін аса қажет диахрондық аспектіде зерттеулер қазақ сти-
листикасында соңғы кезде ғана зерттеу нысанына айнала бас-
тады. Ал қазіргі уақытта қазақ тілі үшін тәжірибеде пайдалы нә-
тиже бере алатын ғылымның бар мүмкіндік тұғырын айқын-
дайтын, прагматикалық мақсат көздейтін синхрондық сипаттағы 
функционалды стилистика мәселесі маңызды болып отыр. 
Өйткені қазіргі стиль түрлерін жалпы тұтастай зерттеуге мүм-
кіндік беретін стилистиканың бұл саласы жетекші рөль атқарып 
отыр
12

Ғылыми стиль мәселелерін зерттеу ісі көрнекті ғалымдар 
Ә.Қайдар, 
Ө.Айтбайұлы, 
Р.Сыздық, 
Б.Әбілқасымов, 
М.Серғалиев т.б. еңбектерінен басталып, қазіргі кезеңде оның 
әр түрлі тұрғыдан, әсіресе коммуникативтік-функционалдық, 
диахрондық-синхрондық аспектілерде қарастырыла бастауы 
Ш.Құрманбайұлы, Ш.Біләлов, Ш.Мәжітаева, Д.Әлкебаева, 
С.Әлісжанов, Ж.Әмірова, Ж.Құрмамбаева т.б. зерттеушілердің 
еңбектерінде жалғасын табуда.
Әдеби тілдің функционалды стильдері бүгінгі күй-дең-
гейіне белгілі даму жолдары арқылы келгені белгілі. Сондықтан 
кез келген стиль түрі, оның ішінде ғылыми стиль тек синхрон-
дық тұрғыдан ғана емес, диахрондық тұрғыдан да сипатталып, 
теориялық терең меңгертуді қажет етеді. Қазақ тілінде ғылыми 
стильдің қалыптасуы, негізінен, өткен ғасырдың 20-30 жыл-
дарынан басталады. Оның көш басында А.Байтұрсынов, 
Ә.Бөкейханов, Х.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, 
М.Дулатов, Т.Шонанов, Ә.Ермеков, Н.Төреқұлов, Қ.Жұбанов 
т.б. сынды тұлғалар тұрды. Оның ішінде қазақ тілінің ғылым 
тілі ретінде қалыптасып, дамуына А.Байтұрсынов еңбегінің 
үлесі зор. Мәселен, А.Байтұрсыновтың 1912-1928 жылдары жа-
рық көрген әліппелері, оқулықтары мен тіл-құралдары, жазу, 
емле, терминология мәселелері жайындағы сыни мақалалары, 
қазақ тілінің табиғаты мен құрылымдық жүйесін танып-
12
Әлкебаева Д. Қазақ тілінің прагмастилистикасы. А., 2007, 8-б. 


танытудағы осындай сан салалы еңбектері оның ғылым тілі 
ретінде толық қалыптасуына, ғылыми стильдің орнығуына зор 
ықпал етті. Сонымен қатар М.Дулатовтың «Есеп құралы», 
М.Жұмабаевтың «Педагогикасы», Ж.Аймауытовтың «Тәрбие 
жетекшісі», «Психологиясы», Х.Досмұхамедовтың «Жануарла-
ры», «Табиғаттануы», «Адамның тән тірлігі, Қ.Кемеңгеровтың 
«Оқу құралы», «Қазақша-орысша тілмашы», Ә.Ермековтың 
«Ұлы математика курсы» т.б. еңбектерін ғылыми стильдің қа-
лыптасуының алғышарттары деп тануға болады. Қазақтың ірі 
тұлғаларының, мәдениет қайраткерлерінің қазақша ғылым тілін 
дамытудағы келелі мәселелерді көтеруі тегіннен-тегін емес. 
Өйткені ғылыми тіл ғылым жетістіктерін, ғылыми ақпаратты 
жеткізетін тіл ғана емес, Ә.Қайдардың сөзімен айтқанда, «ғы-
лым тілі бүгінде әдеби тіліміздің ең сүбелі саласы, жон ар-
қасы». 
Бұл функционалды стиль түрі – ғылыми негізде жаса-
латын өзіндік қалыптасу заңдылықтары бар, стильдік өңі ерек-
ше әдеби тілдің бір тармағы. Оның қалыптасып, дамуы көп 
жанрлы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізілуіне, ғылыми 
еңбектердің пайда болуына тікелей байланысты. Бұл – тілдің 
ғылыми қарым-қатынас аясындағы қызметін арттыра түсетіндігі 
белгілі. Әрі ғылыми стильдің жаңаша тілдік-стильдік құрылым-
дарының жасалуына, оның толыққанды стиль дәрежесінде та-
нылуына зор ықпал етеді. Олай болса, бүгінгі таңда ұлттық 
ғылым тілі дамуының заңдылықтары мен қағидаларын айқын-
дайтын ғылыми стильдің маңыздылығы айрықша. Сол үшін 
ғылыми стильдің функционалды стильдер жүйесінде алатын ор-
нын, оның қазіргі жанрлық түрлерін, ғылыми мәтіннің стильдік-
құрылымдық ерекшеліктерін тереңірек тануды қажет етеді. 
Ғылыми стильде зерттеу нысаны болған зат, құбылыстар 
ғылыми негізде сипатталып, белгілі бір теориялық негіздермен 
дәлелденіп, логикалық жағынан нақтыланып, белгілі жүйеге 
құрылған өзекті, дәлелді, ой қисыны қорытындыланған ғылыми 
тұжырым 
жасалады. Кез келген
ғылыми-зерттеу жұмысында тео-
риялық тұжырым-қағидасының шынайылығына, ақиқаттығына 
сендіру, өзектілігін, жаңашылдығын дәлелдеу көзделеді. Демек, 
ғылыми стильдің екі түрлі қызмет атқаратындығын аңғарамыз: 
бірі – ғылыми ақпаратты жеткізу ғана емес, сол ақпараттың, 


көп жағдайда жаңалықтың ақиқаттығын дәлелдеу де; екіншісі – 
оқырманның немесе тыңдарманның логикалық ойлау қабіле-
тінің белсенділігін арттыру
13
. Осы аталған жайттар ғылыми 
стильдің негізгі сапалық белгілерін айқындайды. Олар: 
- логикалылық; 
- нақтылық не айқындылық; 
- дәлдік – ғылыми стильдің сақталуына тән шарттар. 
Олай болса, ғылыми қарым-қатынас аясы айтылған ойдың 
нақтылығымен, қисындылығымен, бір мағыналы болуымен және 
дәлдігімен ерекшеленеді. Ғылым аясындағы ойлаудың басты түрі 
ұғым болып келеді. Н.Уәлиұлының тұжырымдауынша, ғылыми 
стильде тіл амал-тәсілдерінің дерексіз сипатта «ұғым» түрінде 
болуы ғылыми стильдің басты айырым белгісі болса, сөздің 
деректі сипат алып, оның образға көшуі көркем әдебиет стилінің 
басты айырым белгісі
14
.
Логикалылық – ғылыми ойдың, ақпараттың мәтін ішінде 
жүйелі орналасып, олардың арасында тығыз мағыналық бай-
ланыстың болуы, ұғымдық бірліктің сақталуы. Зерттеу еңбектен 
алынған мына үзіндіге назар аударалық: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет