34 Стандарттау, сертификаттау жэне метрология негіздері
Төменгі жағдайда сәйкестік сертификаттың
немесе сэйкестік
белгісінің қолдану құқығын тоқтатып, олардың күшін жояды:
сертификатқа сәйкес емес өнім өткізсе.
■ мерзімі біткен сертификат қолданса;
■ мемлекеттік инспекторға сертификатталған өнім туралы ал-
дын ала қажетті ақпарат беруге тартынса.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарының
аумақтық органдары мемлекеттік қадағалау нәтижелері бойын-
ша стандарттық емес өнім өткізіп мемлекетке зиян келтірген
кәсіпорындарға мүліктік жауапкершілік
қолдану мәселесін шешу
үшін стандарт талаптарын бүзған кәсіпорын туралы ақпаратты
арбитраждық сотқа береді. Сондай-ақ лауазымды адамдардың
қызмет бабын асыра пайдалану немесе немқұрайлығы салдарынан
мемлекетке айтарлықтай зиян келтірген болса,
яғни ірі көлемде,
бірнеше қайта сапасыз өнім өткізгені, стандарттық емес өнім
өндірілгені туралы мэліметті прокуратура органына береді.
Достарыңызбен бөлісу: