25
олардың мұнайда ерігіштігі артады: пентан жақсы ериді, метанның ерігіштігі
ең төмен дәрежеде болады.
Газдың сұйықта еріген мөлшерін
газды фактор
деп атайды.
Мұнайлардың газды факторы олардың тереңдігіне және қысымның
жоғарылауына байланысты артады. 1,5-2 км тереңдікте газды фактор 150-200
м
3
/м
3
тең болады. Мұнай қабатындағы қысым азайған кезде газдың бір бөлігі
бос фазаға бөлініп шығады. Газдардың суда және басқа еріткіштерде
ерігіштігін 2.3-кестеден көруге болады.
Табиғи жағдайда, барлық уақытта, мұнай газбен қаныққан болып
келмейді. Мұнайдан оның құрамындағы газдың бос фазаға бөлініп шыға
бастаған кезеңіндегі қысымын (тұрақты температурадағы)
қанығу қысымы
деп атайды.
Жоғары қысым аймағында газды фазаның көлемі едәуір көп болса,
сұйық көмірсутектер газда еріп, бу күйіне өтеді. Сөйтіп, жер асты
қыртыстарында газды конденсатты қоспа жинақталады. Метанда мұнайдың
еруі өте төмен. Метанға ауыр газдарды қосқан жағдайда олардың еріткіштік
қабілеті артады. Тұрақты температурада қысымда арттырғанда немесе
тұрақты қысымда температураны көтергенде сұйық көмірсутектердің
газдарда ерігіштігі жоғарылайды. Көмірсутектердің молекулалық массалары
жоғарылаған сайын олардың газда ерігіштігі төмендейді. Шайырлар мен
асфальтендер бәрінен нашар ериді.
Достарыңызбен бөлісу: