22
құрлысы дәл анықталған жоқ. Оларды полициклді, гетероциклді және
металлоорганикалық қосылыстардың комплексі ретінде қарастырады.
АШЗ-ды төрт топқа бөледі: бейтарап шайырлар, асфальтендер,
карбендер және карбоидтер, асфальтогенді қышқылдар мен олардың
ангидридтері.
Бейтарап шайырлар
– қоймалжың сұйық, кейде қою қызыл түсті қатты
болып келеді. Олар петролейнді эфирде, бензолда, хлороформда және тетра-
хлорметанда ериді. Шайырдың құрамына С пен Н басқа S, O кейде N кіреді.
Шайырлар химиялық тұрақсыз заттар. Олардың физикалық қасиеттері
мұнайдың қандай фракциясынан бөлініп алынғандығына байланысты. Ауыр
фракциялардан алынған шайырлардың тығыздығы, молекулалық массасы,
жоғары, құрамында S, O, N көп болады. Барлық мотор отындарында
шайырлардың неғұрлым аз болғаны жақсы, себебі олар двигательде күйенің
пайда болуын туғызады және отынның толықтай жануын төмендетеді.
Шайырлы фракцияларды каталитикалық өңдеу кезінде катализатордың
бетінде кокстың пайда болуы және соған байланысты тез дезактивтенуі
жүреді.
Асфальтендер
қара немесе қоңыр түсті қатты, балқымайтын жоғары
молекулалы заттар, тығыздығы 1-ден жоғары. 300
о
С жоғары температурада
асфальтендер ыдырап, газ бен кокс түзіледі. 400-450
о
С температурада
асфальтендерден ұсақ тесікшелі, тығыз мұнай коксы түзіледі. Асфальтендер
пиридинде, күкіртті көміртекте, СС1
4
-те, ароматты көмірсутектерде ериді.
Асфальтендердің химиялық құрлысы аз зерттелген. S, O және N мөлшері
шайырдағыдан көп. Шайырлы мұнайларда асфальтендердің мөлшері 2-4%
болады.
Асфальтендер мен шайырлардың қоспасын битум деп атайды. Битумды
мұнай қалдықтарына асфальтендер мен шайырларды қосу арқылы немесе
220-260
о
С ауада тотықтыру арқылы алады. Сонымен қатар табиғи мұнайлы
битумдар кездеседі. Олардың құрамындағы асфальтендер мен шайырлардың
мөлшері 60-80% болады. Табиғи битумдардың қоры мұнайдың қорынан да
көп.
Асфальтендердің тығыздалу өнімдері карбендер мен карбоидтар болып
табылады. Карбендер бензолда ерімейді, аздап пиридин мен күкіртті
көміртекте ериді. Карбоидтар ешқандай органикалық және бейорганикалық
еріткіштерде ерімейді.
Достарыңызбен бөлісу: