А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы



Pdf көрінісі
бет22/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   153
Байланысты:
S4

Техникалық жіктеу. 
Мұнай өндіруші кәсіпорындардың мұнайды 
құбырлар арқылы немесе ыдыстарға құйып тасымалдау кезінде техникалық 
талаптың ортақ болуы үшін 2002 жылдың 1 шілдесінен бастап, «Мұнай. 
Жалпы техникалық шарттар» деп аталатын жаңа стандарт ГОСТ Р 51858-
2002 енгізілді. Бұл стандартта шикі және тауарлы мұнайларға анықтама 
беріледі. 
Шикі мұнай
– фракциялық құрамы кең сұйық табиғи 
көмірсутектердің қоспасы. Шикі мұнайдың құрамында еріген газ, су, 
минералды тұздар, механикалық қоспалар болады және олар сұйық энергия 
көздерін (бензин, керосин, дизель отыны, мазут), майлар,битум және кокс 
өндіретін негізгі шикізат болып табылады. 
Тауарлы мұнай 
– қолданыстағы 
нормативті және техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес келетін 
тұтынушының қолданысына дайын мұнай. 


29 
Жалпы күкірттің мөлшеріне қарай конденсаттарды 3 класқа бөледі: 
1. күкіртсіз – жалпы күкірттің мөлшері 0,05% (мас.) артық емес, әдетте 
мұндай конденсаттарды күкіртті қосылыстардан тазартпайды; 
2. күкіртті – жалпы күкірттің мөлшері 0,05-0,8% (мас.), мұндай 
конденсаттарды және олардың дистиллятты фракцияларын тазалау 
қажеттілігі қойылып отырған талаптарға байланысты шешіледі; 
3. жоғары күкіртті – жалпы күкірттің мөлшері 0,8% (мас.) жоғары. Бұл 
конденсаттарды өңдеу жүйесінде күкіртті қосылыстардан тазалау міндетті 
түрде іске қосылады. 
Ароматты көмірсутектердің масалық үлесі (% мас.) бойынша газды 
конденсаттарды үш типке бөледі: А
1
– 20% кем емес, А
2
– 15-20% және 15% 
кем. 
Бастапқы қайнау температурасы 200 
о
С жоғары фракциялардағы қалыпты 
құрылысты парафинді көмірсутектердің мөлшеріне, реактивті, қысқы дизель 
отындарын және сұйық парафиндерді алу мүмкіндігіне қарай газды 
конденсаттарды төрт түрге бөледі: 
Н
1
– жоғары парафинді, 200-320 
о
С температурада қайнайтын фракцияда 
комплекс түзушілердің мөлшері 25% (мас.) кем болмайды; мұндай 
конденсаттардан сұйық алкандар, реактивті және дизельді отындар 
(депарафиндеу процесін қолданған жағдайда); 
Н

– парафинді, 200-320 
о
С температурада қайнайтын фракцияда комплекс 
түзушілердің мөлшері 18-25% (мас.) тең болады; 
Н

– төмен парафинді, 200-320 
о
С температурада қайнайтын фракцияда 
комплекс түзушілердің мөлшері 12-18% (мас.) артық болмайды. 
Н
4
– парафинсіз, дизельді фракцияда комплекс түзушілердің мөлшері 12% 
(мас.) аз болады. 
Фракциялық құрамы бойынша конденсаттарды үш топқа бөледі: 
Ф
1
– 205 
о
С дейін қайнайтын, фракциялық құрамы жеңілдетілген 
конденсаттар. Бензин фракциясының шығымы 80% (мас.) кем емес; 
Ф
2
– аралық фракциялық құрамы бар, 250-320 
о
С қайнайтын 
конденсаттар; 
Ф
3
– қайнау температурасы 320 
о
С жоғары конденсаттар. 
Сонымен, мұнай тәрізді, газды конденсатқада технологиялық сипаттама 
шифрін белгілеуге болады, сол арқылы оны өңдеу бағыты анықталады. 
Мысалы, Уренгой кенорны конденсатын 1А
3
Н

Ф

шифр арқылы белгілейді: 
мұндағы 1 – класты көрсетеді (жалпы күкірттің мөлшері 0,02% (мас.)); А
3
– 
конденсаттың типі (ароматты көмірсутектердің мөлшері 10% аз); Н
1
– түр, 
(200-320 
о
С температурада қайнайтын фракцияда комплекс түзушілердің 
мөлшері 60% (мас.) дейін); Ф

– конденсаттың қайнау температурасы 360 
о
С. 
Конденсаттардағы күкірттің мөлшері кең аралықта құбылады (% мас): 
мысалы, Уренгой және Толқын конденсатарында 0,01-0,04, Қарашығанақ
және Орынбор конденсаттарында 1,18 дейін, Астрахань және Теңіз кенорны 
конденсаттарында 1,37 дейін. 


30 
Күкіртті қосылыстарды идентификациялау нәтижесі олардың әртүрлі 
екендігін көрсетеді. Мысалы, Орынбор кенорны конденсатынан газсұйықты 
хроматография әдісімен 16 тиоцикландар, 34 тиоалкандар, 22 алифатты 
тиолдар анықталды.
Күкіртті және жоғары күкіртті конденсаттардың лайлану және қату 
температуралары негізінен төмен болып келеді (минус 60 
о
С төмен). 
Көмірсутектермен салыстырғанда сәйкес күкіртті қосылыстардың 
термиялық тұрақтылығы төмен болып келеді. Қыздырып өңдеу процесі 
кезінде күкіртті қосылыстар күкіртті сутекке және тиолдарға ыдырайды, 
олардың коррозиялық және өңдеу өнімінің сапасын нашарлататын қасиеттері 
бар. Күкіртті конденсатты қыздырғанда алдымен меркаптандар, артынан 
күкіртті сутек бөлінеді. 


31 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет