А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы



Pdf көрінісі
бет21/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   153
Байланысты:
S4

Технологиялық жіктеу.
Технологиялық жіктеуге мұнайды тасымалдау 
және өңдеу немесе өнімдердің белгілі ассортиментін алу үшін маңызы бар 
белгілер негіз болады. Мұндай жіктеу белгілі бір мұнайды өңдеудің 
технологиялық сызбасының вариантын анықтауға мүмкіндік береді. 
Шетелде технологиялық жіктеулердің әртүрлері бар. ТМД елдерінде 
өңдеуге түскен мұнайды ГОСТ 912-66 (1967-1980 жж.) немесе ГОСТ 
38.1197-80 (1980 ж) стандарттарына сәйкес және мұнайға деген техникалық 
талап ГОСТ 9965-76 стандартына сәйкес жіктейді. Мұндай жіктеу кезінде 
жеке мұнайдың немесе мұнайлар қоспасының құрамындағы күкірттің, 350
о
С 
дейін қайнайтын фракциялардың, қатты парафиндердің, базалық майлардың 
мөлшерлерін және сапасын, реактивті керосинді, қыстық және жаздық дизель 
отындарын алу мүмкіндігін т.с.с. есепке алады. 
Күкірттің мөлшеріне қарай мұнайды 3 класқа бөледі. Күкірттің мөлшері 
0,50 % дейін болса 1-класқа, 0,51-2,0 % болса 2-класқа, 2,0 % жоғары болса 3-
класқа жатқызады. 
Парафиннің мөлшеріне қарай және олардан реактивті отынның, қыстық 
және жаздық отынның, базалық майлардың алыну мүмкіндіктеріне қарай 
мұнайды П
1
, П
2
, П
3
деп 3 түрге бөледі. 
П
1
– парафиннің мөлшері 1,5% аспайтын мұнайлар. Мұндай 
мұнайлардан депарафиндеу жүргізбей-ақ -60 
о
С кристалдана бастайтын 
реактивті мотор отындарын, қату температурасы -45 
о
С қыстық дизель 
отындарын (240-350 
о
С) және тұтқырлығы 8-14 мм
2
/сек кезінде қату 
температурасы -30 
о
С, тұтқырлығы 14-23 мм
2
/сек кезінде қату температурасы 
-15 
о
С, тұтқырлығы 23-52 мм
2
/сек кезінде қату температурасы -10 
о
С болатын 
дистиллятты базалық майларды алуға болады. 
П
2
– парафиннің мөлшері 1,51-6,0% болатын мұнайлар. Мұндай 
мұнайлардан депарафиндеу жүргізбей-ақ -60 
о
С кристалдана бастайтын 
реактивті мотор отындарын, қату температурасы -10 
о
С жаздық дизель 
отындарын (240-350 
о
С) алуға болады, ал деперафиндеу жүргізіп 
дистиллятты базалық майлар алуға болады. 
П
3
– парафиннің мөлшері 6,0%-тен артық мұнайлар. Мұндай 
мұнайлардан депарафиндеу жүргізбей дизельді отындарды алуға болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет