39
3.5.
Мұнай және мұнай өнімдерінің төмен температуралық
қасиеттері
Мұнай және мұнай өнімдерінің (мотор отындары, майлар) төмен
температуралық қасиеттерін
білу олардың қозғалғыштығын, сонымен қатар
көмірсутектердің кейбір топтарының бар-жоғын анықтауға мүмкіндік береді.
Мысалы, парафинді мұнай өнімдері жоғары температурада қатады,
құрамында шайырлы заттардың болуы қату температурасын төмендетеді.
Мұнай және мұнай өнімдерінің төмен
температуралық қасиеттеріне
лайлану температурасы, кристалданудың басталу температурасы, сүзілудің
шекті температурасы, қату және балқу температуралары жатады.
3.5.1.
Лайлану температурасы
Лайлану температурасы
деп мұнай өнімдері арқылы жарық сәулесін
өткізген кезде олардың эталон үлгімен салыстырғандағы түстерінің өзгеруі
(лайлануы) кезіндегі максимальды температураны айтады.
Авиабензиндер, авиакеросиндер және
дизель отындарының лайлану
температурасын стандартты әдіспен (ГОСТ 5066-91) анықтайды. Ол үшін екі
стандартты пробиркаға тексерілетін отынның үлгісін (белгіге дейін) құяды
да, термометрмен және сымнан жасалған араластырғышпен жабдықталған
кеуек тығынмен жабады. Бірінші пробирканы салқындатқыш қоспа құйылған
ыдысқа, ал екінші пробирканы (салыстыру үшін) штативке орналастырады.
Бірінші пробирканы үнемі
араластыра отырып, салқындатады және
болжап отырған лайлану температурасына 5
о
С қалғанда тез шығарып алып,
спирт құйылған стаканға салады да, екінші пробирканың жанына қояды. Егер
жарық сәулесін өткізу кезінде бірінші пробиркадағы отынның түсі өзгермесе,
онда салқындатуды әрі қарай жалғастырады. Әрі қарай әрбір 1
о
С
салқындатқан сайын отынның түсін эталонмен салыстырып отырады. Бірінші
пробиркада
лайлану
байқалған
кездегі
температураны
лайлану
температурасы
деп есептейді.
Лайлану температурасымен көп жағдайда дизель отынының төмен
температурадағы
қасиеттерін сипаттайды, әдетте ол 0
о
С-дан -35
о
С дейін
болады.
Дизель отынының лайлануы құрамында қалыпты алкандардың және
судың кейбір
мөлшерінің болуымен байланысты, олар салқындатқан кезде
отынның барлық көлемінде ұсақ кристалдар түзеді.
Достарыңызбен бөлісу: