А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы



Pdf көрінісі
бет37/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   153
Байланысты:
S4

3.9.4. Булану жылуы 
Химиялық таза заттар үшін 
булану жылуы
деп тұрақты температурада 
және қысымда зат массасының бірлігін буландыруға жұмсалатын энергияны 
айтады. Мұнай фракциялары көмірсутектердің қоспасы болғандықтан, олар 
белгілі бір температуралар аралығында қайнайды және бұл жағдайда жылу 
тек қана буландыруға емес, қоспаның температурасын көтеруге де 
жұмсалады. Мұндай жағдайда булану жылуын дәл айту өте қиын. 
Мұнай дистилляттарының атмосфералық қысымдағы булану жылуын 
мынадай өлшемдермен көрсетуге болады (кДж/кг): бензин үшін 290-300, 
керосин үшін 250-270, дизельді отын үшін 230-250 және газойл үшін 190-230. 
Булану жылуының мәніне температура мен қысым едәуір әсер етеді, мысалы, 
бұл көрсеткіштер жоғары болған сайын булану жылуы төмендейді. Сұйық 
пен будың арасында айырмашылық жоқ, шекті нүктеде булану жылуы нольге 
тең. 
3.9.5.
 
Жану жылуы 
Мұнай өнімдерінің фазалық ауысу құбылыстарының бірі балқу, яғни 
қатты күйден сұйыққа ауысуы, осы кезеңде жұмсалатын жылуды 
балқу 
жылуы 
деп атайды. 


50 
Кейбір заттар қатты күйден бірден газ күйіне ауыса алады (нафталин, 
антрацен т.б.). Бұл құбылысты 
сублимация
(возгонка) деп атайды. Бұл 
кезеңдегі мұнай өнімдерінің 
сублимация жылуы
балқу және булану 
жылуларының қосындысына тең. Бензолдың сублимация жылуы 590,4 
кДж/кг, нафталиннің сублимация жылуы 465,2 кДж/кг тең.
Жану жылуы (отынның жылу бөлу қабілеті) 
деп 1 кг сұйық (қатты) 
немесе 1 м
3
газ күйіндегі отынның қалыпты жағдайда толық жануы кезінде 
бөлінетін жылудың мөлшерін айтады. Бұл кезде бастапқы отын мен жану 
өнімдері бірдей қысымда және температурада болуы керек. Отынның жылу 
бөлу қабілетін жоғарғы және төменгі деп бөледі.
Жоғары жылу бөлу қабілеті деп отынның толық жануы кезінде, жану 
өнімдерін отын температурасына дейін салқындату кезінде және отынның 
құрамына кіретін сутегінің тотығуынан түзілген су буларының 
конденсациясы кезінде бөлінетін жылу мөлшерін айтады. 
Төменгі жылу бөлу қабілеті деп отынның толық жануы кезінде, жану 
өнімдерін отын температурасына дейін су буларын конденсацияға түсірмей 
салқындату кезінде бөлінетін жылу мөлшерін айтады, немесе жоғары жылу 
бөлу қабілетінен сутегінің жануы нәтижесінде түзілетін судың булану 
жылуын алып тастағанға тең. 


51 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет