А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы


Кесте 4.1. Мұнай, газ және оларды



Pdf көрінісі
бет39/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   153
Байланысты:
S4

Кесте 4.1.
Мұнай, газ және оларды
өңдеу өнімдері компоненттерін 
физикалық әдістер бойынша бөлу
Фазалық күй 
Жәй әдістер 
Күрделі әдістер 
Газ – газ 
Мембрана арқылы 
диффузиялану 
Газ тасымалдағышпен 
диффузиялану 
Газ – сұйық 
Айдау және 
ректификациялау 
Азеотропты ректификация 
Экстрактивті ректификация 
Су буымен айдау
Абсорбция
Газ – қатты фаза 
Сублимация
Адсорбция 
Сұйық - сұйық 
Мембрана арқылы
диффузиялану, 
термодиффузия 
Экстракция 
Сұйық – қатты фаза Кристалдану 
Адсорбция
Экстрактивті кристалдану 
Аддуктивті кристалдану 
4.1.
 
Айдау 
Мұнайдың және оның өнімдерінің компоненттерін молекулалық 
массалары бойынша бөлудің маңызды әдістеріне айдаудың және 
ректификацияның бірнеше түрлері жатады. Мұнайды талдаудың кез-келген 
нұсқасы атмосфералық қысымда немесе вакуумда фракцияларға айдау 
арқылы жүргізіледі. 
Құрамында С
20
және одан жоғары көмірсутектері бар фракцияларды 
зерттеу кезінде молекулалық айдау қолданылуы мүмкін. Қарапайым әдіспен 
айдау кезінде қыздырып жатқан сұйықтың бетінен буланған молекулалар бір-
бірімен түйісіп, бір бөлігі кері қарай сұйықтың бетіне конденсацияланады, 
сондықтан оны қайтадан буландыруға, жүйенің температурасын көтеруге 
қосымша энергия жұмсалады. Молекулалық айдау терең вакуумда (қалдық 
қысым ˂0,1 Па) жүргізіледі; булану беті мен конденсация арасы 
молекуланың бос қозғалыс ұзындығынан төмен – 10-30 мм тең болады. Бұл 
жағдайда буланған молекулалар бір-бірімен түйіспейді және конденсаторға 
аз энергия шығарып жетеді. Нәтижесінде заттарды өзінің қайнау 
температурасынан төмен температурада айдап алуға мүмкіндік туады. 
Ректификация сонымен қатар бензинді тұрақтандыру үшін де, яғни 
бензинде еріген газды бөліп шығару және бензинді қысқа фракцияларға бөлу 
үшін жүргізілуі мүмкін. 


53 
Қайнау температуралары жақын заттар қоспасын, мысалы С
8
арендерді 
бөлу үшін ректификациялық колоннада өте көп тарелкалар бар және 
ылғалдау жиілігі жоғары ерекше ректификация қолданылады.
Белгіленген тазалықтағы өнімдерді алуға қажетті ректификациялық 
колонналардың 
тиімділігі 
бөлетін 
компоненттердің 
салыстырмалы 
ұшқырлық коэффициентінен (α) тәуелді болады. Көмірсутекті жүйелер 
алғашқы көзқараста Рауль заңына бағынатын идеалды деп қарастыруға 
болады. Бұл жағдайда: 
0
0
1
2
/
P
P


мұндағы 
Р
1
0

Р
2
2
– жүйе температурасындағы компоненттердің қаныққан 
буларының қысымы. 
Мысалы, С
8
арендерден 
о
-ксилолды бөліп алу үшін (
м
-ксилол – 
п
-ксилол 
компоненттер жұбының 180 
о
С температурадағы салыстырмалы ұшқырлық 
коэффициенті α = 1,135) 150-200 тарелкалармен жабдықталған ылғалдау 
жиілігі 7-9 болатын колонналар қолданылады. 
Этилбензолды ксилолдар қоспасынан бөліп алу үшін (
п
-ксилол – 
этилбензол компоненттер жұбының 180 
о
С температурадағы салыстырмалы 
ұшқырлық коэффициенті α = 1,05) 300-400 тарелкалармен жабдықталған 
ылғалдау жиілігі ≈100 болатын бірнеше тізбектеліп жалғанған колонналар 
қолданылады. 
Абсорбциямен қатар газдарды бөлу әдістерінің бірі салқындатқыш 
ретінде аммиак немесе пропан қолданып жүргізілетін төмен температуралық 
ректификация. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет