А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы



Pdf көрінісі
бет41/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   153
Байланысты:
S4

Кесте 4.2. Гексанның (
𝜸
Г
𝟎
), бензолдың (
𝜸
Б
𝟎
)белсенділік коэффициенті және 
60 
о
С кезіндегі еріткіштердің таңдамалдылығы 
Еріткіш 
𝜸
Г
𝟎
𝜸
Б
𝟎
𝑆 = 𝛾
Г
0
/𝛾
Б
0
Ацетон
Метил спирті 
Ацетонитрил 
Фенол 
Фурфурол 
Диметилформамид 
N
-Метил-2-пирролидон 
N
-Формилморфолин (50 
о
С) 
5,1 
19,0 
15,8 
12,0 
18,0 
11,5 
8,5 
37,8 
1,6 
5,8 
2,6 
2,5 
2,6 
1,4 
1,0 
1,95 
3,2 
3,3 
6,0 
4,8 
6,9 
8,3 
8,6 
19,4 


56 
Этиленгликоль 
Диэтиленгликоль 
Триэтиленгликоль 
Диметилсульфоксид 
Сульфолан
300 
64,0 
40,5 
39,0 
48,0 
20,0 
6,5 
4,2 
3,05 
2,45 
15,0 
9,8 
9,6 
12,8 
19,6 
Азеотропты 
ректификацияның 
төмендегідей 
кемшіліктері 
бар: 
еріткіштерді таңдау шектеулі, еріткіштердің таңдамалдылығы салыстырмалы 
төмен, еріткіштерді буландыруға қосымша жылу жұмсалады және процестің 
технологиялық құрылымы күрделі.
Экстрактивті ректификация процесінде салыстырмалы түрде жоғары 
температурада қайнайтын, көмірсутектермен азеотроп түзбейтін еріткіштер 
қолданылады. Ол үшін еріткіштердің қайнау температурасы қоспадағы 
компоненттердің қайнау температурасынан 50 
о
С және одан жоғары болуы 
керек. 
Азеотропты ректификацияда жүйедегі еріткіштің мөлшері көп жағдайда 
жеткіліксіз болып келеді, ал экстрактивті ректификация процесінде 
еріткіштің концентрациясы жеткілікті, жүйенің 70-80 масс. % құрайды, бұл 
көмірсутектерді бөлудің тиімділігін арттырады. 
Азеотропты және экстрактивті ректификация әдістерінде әртүрлі 
көмірсутектерді бөлу үшін бірдей қосылыстар қолданылуы мүмкін. Мысалы, 
ацетонитрил ароматты көмірсутектерді бөлуде қолданылатын азеотропты 
компонент, сонымен қатар өндірісте экстрактивті ректификация әдісімен 
бутадиенді бөліп алуда да қолданылады. Ацетонитрилмен қатар бутадиенді 
бөліп алуда диметилформамид және 
N
-метил-2-пирролидон қолданылады.
Сульфолан, ди-, три- және тетраэтиленгликоль, диметилсульфоксид,
N
-метилпирролидонның этиленгликольмен қоспасы сияқты еріткіштік 
қабілеті төмен, алайда таңдамалдылығы жоғары ерітінділер өндірісте 
арендердің шаймалағышы ретінде қолданылады. Шаймалау процесінің 
артықшылығы риформинг катализатының 62-140 
о
С фракциясынан С
6

8
арендерді бірге бөліп алуға болады, ал экстрактивті ректификация кезінде 
алдымен бензолды, толуолды және ксилолды фракцияларға бөлу керек 
болады. 
Фенолмен және фурфуролмен шаймалау процесі мұнай майларын 
тұтқырлық индексі төмен, майлардың эксплуатациялық қасиеттерін 
нашарлататын полициклді арендерден және гетероциклді қосылыстардан 
тазартуда қолданылады. Гудроннан шайырлы-асфальтты заттарды бөліп алу 
үшін майлардың компоненттерін полюссіз еріткіштермен, мысалы сұйық 
пропанмен шаймалайды. 
Полюсты еріткіштермен шаймалау процесін моно-, би- және трициклді 
арендерді бөлу үшін қолдануға болады. Мұнай фракцияларынан 
сульфидтерді бөліп алу үшін күкірт қышқылымен шаймалау ұсынылған. 
Қышқылдық экстракция әдісімен азотты негіздерді, порфириндерді бөліп 
алуға болады.


57 
Абсорбция процесі газдарды бөлуде кең қолданылады. Ілеспелі және 
табиғи газдардан бензинді айыру үшін полюссіз еріткіштермен – көмірсутек 
фракцияларымен абсорбциялау қолданылады. Процесті қоршаған ортаның 
температурасында немесе салқындатқыш агенттердің көмегімен ≈ -40 
о
С 
жүргізеді. Бұл әдіс экономикалық тұрғыдан тиімді, себебі абсорбент ретінде 
тұтқырлығы төмен бензинді фракция қолданылады, нәтижесінде процестің 
тиімділігі артып, абсорбент шығыны азаяды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет