61
масштабта мүмкін болмады. Сондықтан, іс жүзінде бұл процесті сұйық
фазада ғана қолданудың маңызы бар.
Компоненттерді таңдамалы түрде бөліп алу мембрананың материалынан
ғана тәуелді, яғни оның қалыңдығынан байланысты емес. Диффузиялану
жылдамдығы мембрананың қалыңдығына кері пропорционал, сондықтан
өнімділігі жоғары болу үшін әдетте жұқа мембраналарды (0,01-0,1 мм)
пайдаланады.
Мембраналар арқылы диффузиялану процесінің негізгі кемшілігі оның
өнімділігінің салыстырмалы түрде төмендігінде және мембраналардың
жұмыс мерзімінің қысқалығында.
Мұндай кемшіліктерді жою мақсатында компоненттерді бөлу үшін
сұйық мембраналарды қолдану ұсынылған. Бұл әдіс май – су фазаларының
шекарасының бетінде беттік-белсенді заттардан жасалған мембрана арқылы
компоненттердің таңдамалы түрде өтуіне негізделген. Мұндай әдіспен
қаныққан көмірсутектермен қоспасынан арендерді бөліп алуға болады.
Арендер мембрана арқылы жоғары жылдамдықпен өтіп, ерітіндіде – майлы
фракцияда жинақталады, ал қаныққан көмірсутектер сулы эмульсияда
қалады.
Достарыңызбен бөлісу: