63
А. Мартин мен Р. Синдж (1941 ж) тарату хроматографиялық әдісін
енгізді, осы еңбектері үшін олар Нобель сыйлығына ие болады. Олар
бұрыннан белгілі дистилляция теорриясындағы теориялық табақша үлгісін
хротоматограмма негізін түсіндіру үшін пайдаланады. 1946 ж. Р. Синдж
липофильді қозғалыссыз фазасы бар сұйықтық
хроматография әдісін
ұсынды. Осылайша, қазіргі сұйықтық хроматографияның негізін салынды.
А. Мартин мен Л. Джеймсон (1952 ж) газ-сұйықты хроматографияның
негізін салды. Бұл әдіс өте қысқа мерзімнің өзінде қолданатын жабдықтарды
жақсы жетілдіріп, қолдану аясын кеңейтті. Газ – сұйық хроматография әдісі
бірінші болып өндіріске ене бастады.
Капилляр
колонналарды
пайдалану
газды
және
газ-сұйықты
хроматографияның тиімділігінін арттырды. Голей (1956 ж) қоспаны бөлуде
тұнғыш рет капиллярлы колонналарды қолданды.
Хроматографиялық динамикалық бөлу кезінде құрамдас бөліктерінің
қозғалыс фазасының қозғалыссызға
ауысуы және керісінше, периодты түрде
жүреді. Нәтижесінде әрбір молекула орта есеппен алғанда қозғалыс
фазасында t¢
n
және қозғалыссызда t¢
қ
уақыт аралығында болады және ол осы
уақытта бағана ішіндегі қозғалыс фазасының жылдамдығына сәйкес n
жылдамдықпен қозғалады. Бағанадағы еріген заттың қаншалықты тездеу
қозғалатындығынын t¢
n
және t¢
қ
салыстырмалы шамасы арқылы анықтайды.
Кез-келген хроматографиялық жүйеде қозғалмайтын және қозғалыстағы
екі фаза арасында заттардың қайтымды араласуы жүреді. Қозғалысты фаза
қозғалмайтын фазаның беткі қабатымен
жанасқан қоспадағы құрамдас
бөліктер осы фазалар арасында тұрақты немесе таралу коэффициенті
бойынша олардың физикалық-химиялық қасиеттеріне сәйкес таралады.
Динамикалық жүйеде тепе-теңдік орнайды, яғни молекулалар біраз уақыт
қозғалмайтын фазада, біраз уақыт қозғалыстағы фазада өтеді де,
бәрі бірге
қозғалмайтын фазаның бойымен орын ауыстырады. Заттың әртүрлі
сорбциялануы нәтижесінде, олар фазада әр мезгілде болады. Қозғалмайтын
фазамен күштірек әрекеттесетін құрамдас бөліктер, оның өн бойымен баяу
жылжиды, нәтижесінде құрамдас бөліктердің бөлінуі басталады.
Құрамдас бөліктердің тиімді бөлінуі үшін
қозғалмайтын фаза мынадай
қасиеттерге ие болуы шарт: ол затты өзіне физикалық-химиялық тұрғыдан
сорбциялауы, бөлінетін затты ерітуі, кеуек құрылымды беткі қабатқа ие
болуы, ұстап тұру дәрежесі жоғары бір құрамдас бөлікті болуы керек.
Егер қозғалмайтын фаза сұйық күйде болып, ал талданатын зат онда
еруге
биім болса, онда ол қозғалыстағы және қозғалмайтын фазалар
арасында таралады. Мұндай хроматографиялық жүйе
Достарыңызбен бөлісу: