А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы



Pdf көрінісі
бет48/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   153
Байланысты:
S4

4.7.2.
 
Мұнай көмірсутектерінің хроматографиясы 
 
Мұнай көмірсутектерін анықтау үшін сұйықты-адсорбциялық (САХ) 
және газды-адсорбциялық хроматография (ГАХ) әдістері қолданылады. 
САХ ерітіндіден адсорбциялау теориясына негізделген. Адсорбциялық 
тепе-теңдік ерітінді мен адсорбент арасындағы Лэнгмюр адсорбциясының 
изотерма теңдеуіне бағынады. Осылайша сұйытылған ерітінділер аймағында 
изотерма түзу сызықты. Адсорбцияның талғағыштығы адсорбцияланатын зат 
пен адсорбенттің арасындағы әсерлесу күшінің табиғатынан тәуелді. 
Хроматографиялық колонканың эффективтілігі екі фазадағы диффузия мен 
массаалмасу процестерінен тәуелді болады және газ хроматографиядағыдай 
теориялық эквивалентті тарелке биіктігімен (ТЭТБ) анықталады. ТЭТБ (Н) 
қозғалғыш 
фазаның 
сызықты 
жылдамдығымен 
(U) 
және 
басқа 
параметрлермен төмендегі теңдеумен өрнектеледі: 


66 
2
(1
)
t
t
S
m
t
m
S
H
R
R Ut
t
R
t
t




мұндағы t

– зат молекулаларының қайтымды адсорбциясы мен десорбциясы 
арасындағы уақыт; t
s
– қозғалмайтын фазада болатын молекулалардың 
орташа болу уақыты. 
Н = 2R
r
(1-R
r
)Ut
s
теңдеуі бойынша қозғалғыш фазаның сызықты 
жылдамдығы (U) өскен сайын ТЭТБ артады, сәйкесінше колонканың 
эффективтілігі төмендейді. 
Қозғалмайтын фазада болатын молекулалардың орташа болу уақыты (t
s

кеуектің тереңдігімен (d) және диффузия коэффициентімен (D) Эйнштейн 
теңдеуі арқылы байланысты:
2
2
S
d
Dt

Мұны жоғарыда аталған теңдеумен байланыстырсақ:
2
2
(1
)
/
t
t
H
R
R Ud
D


 
D көп болған сайын, Н өседі, сәйкесінше колонканың тиімділігі азаяды. 
Адсорбенттерде кеуектің тым терең болуы себепті классикалық САХ әдісінің 
тиімділігі төмен болады. 
Қазіргі заманғы хроматографияда беттік-кеуекті адсорбенттер (БКА) 
кең қолдануын тапты. Бұл қатты сфералық пішінді дәндер, олардың бетіне
жоғарыкеуекті адсорбенттердің жұқа қабаты жағылған. Қалыңдығы шамамен 
1 мкм. Бұл адсорбенттердің терең кеуектері жоқ, сондықтан Н азаюына, 
колонканың тиімділігінің және САХ жылдамдығының жоғарлауына әкелді.
4.1 – Суретте дизельді фракцияның хроматограммасы көрсетілген. 
Сурет 4.1. Мұнайдың дизельді фракцияның хроматограммасы 


67 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет