А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы


Кесте 6.1. Циклоалкандардың мұнайларда таралуы, массалық %



Pdf көрінісі
бет56/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   153
Байланысты:
S4

Кесте 6.1. Циклоалкандардың мұнайларда таралуы, массалық %
 
Мұнай 
𝜌
4
20

кг/м

Фракциялар, 
о
С 
60-95 
95-122 122-150 150-200 200-250 250-300 
Сурахан
Балахан 
Доссор 
Караарна
Өзен
844,5 
872,7 
858,5 
961,0 
845,0 
76,0 
56,0 
40,0 

37,0 
81,0 
56,0 
63,0 

35,0 
51,0 
66,0 
57,0 

23,0 
66,0 
75,0 
69,0 

20,0 
44,0 
74,0 
67,0 
94,0 
12,0 
39,0 
62,0 
61,0 
91,0 
8,00 
6.1. Моноциклді циклоалкандар 
 
Тұйық тізбегінде 5-8 көміртек атомдары болатын моноциклді нафтендер 
негізінен қ.б.-125 
о
С фракцияларда жинақталған. Бәрінен тұрақты 
циклоалкандарға циклопентан және циклогексан қатарының көмірсутектері 
жатады. Циклопентандардың мөлшері 14,5-53%, ал циклогександар – 14-
36,5% дейін болады. 
Циклопентанның өзі өте аз мөлшерде кездеседі. Метилциклопентанның 
мөлшері 24,5% дейін өседі. Циклопентан қатарының негізгі қосылыстары С
7


81 
көмірсутектері болып табылады, олардың мөлшері кейбір мұнайларда 40-
48,5% дейін кездеседі. С
7
көмірсутектері негізінен 1,2- және 1,3-
диметилциклопентандардан тұрады. 1,1-Диметил- және этилциклопентандар 
оларға қарағанда едәір аз кездеседі. 
С
8
қатарының циклопентандары әртүрлі мұнайларда 29,5%-дан 88%-
дейін болады. Бұл циклопентандар негізінен триметил- және метилэтил- 
туындылары болып келеді: 1,1,3-триметил-, 1,1,2-триметил-, 1,2,4-триметил-, 
1,2,3-триметил-, 1,4-диметил-2-этил-, 1,2-диметил-3-этилциклопентандар. 
Циклопентанның С
9
қатарында 1,2,3,4-тетраметил-, 1,4-диметил-2-этил- және 
1,2-диметил-3-этилциклопентандар көбірек кездеседі, ал 1,1,2,4-тетраметил- 
және 1,1-диметил-3-этилциклопентандар өте аз болады. 
Мұнайда циклогексанның мөлшері циклопентаннан көп болады, кейбір 
мұнайларда 18% дейін кездеседі. Метилциклогексанның мөлшері 
циклогексаннан 2-6 есе көп болады. Кейбір мұнайларда метилциклогексан 
негізгі компонент болып табылады, олардың мөлшері 36,5-50% жетеді. 
Циклогександардың С
8
қатарына 1,1-, 1,2-, 1,3-, 1,4-диметил- және 
этилциклогексан жатады. 1,1-Диметилциклогексан аз мөлшерде анықталған. 
Бұл изомерлердің қатынасы өте кең аралықта өзгеріп отырады. Циклогексан 
қатарының С
9
изомерлеріне 1,1,2-, 1,1,3-, 1,1,4-, 1,2,3-, 1,2,4-, 1,3,5-триметил-, 
1-метил-3-этил- және 1-метил-4-этилциклогександар жатады. 1,1,3- және 
1,2,4-триметилтуындаларының мөлшері триметилциклогексан изомерлерінің 
арасында көбірек кездеседі (61-80%). Метилэтилциклогександар қатарында 
1-метил-3-этилциклогексанның 
мөлшері 
1-метил-4-этилициклогексанға 
қарағанда 1,5-2 есе артық болады. 
Кеңістік изомерлерінің бұлайша таралуы конформациялық талдаудың 
негізгі принципі – байланыспаған атомдардың өзара тартылыс немесе тебу 
құбылысына 
байланысты. 
Стереоизомерлердің 
термодинамикалық 
салыстырмалды тұрақтылығы метил және этил радикалдарының кеңістікте 
орналасуына, яғни осы радикалдардың сутек атомдарының әрекеттесу 
энергиясымен анықталады. Мұндай әрекеттесу 
цис
-изомерлерге тән және 
мына қатарда өседі: диметил-, метилалкил-, диалкилтуындалар. Эпимерлі 
1,2-диметилциклопентандардың жұптарының арасында 
транс
-изомерлердің 
тұрақтылығы жоғары. 1,3-Диметилциклопентандарда метил топтарының бір-
бірімен байланысы жоқ болғандықтан
цис-
және 
транс
-изомерлердің 
тұрақтылығы бірдей. 
1,2,3-Триметилциклопентанда 
транс,транс
-изомер термодинамикалық 
тұрақты. 
1,2,4-Триметилциклопентанның 
кеңістік 
изомерлерінің 
арасында 
термодинамикалық тұрақтылық мына қатарда кемиді: 
транс,транс-, цис,цис- 
және 
цис,транс
-изомер, ал термодинамикалық тұрақсыз 
транс,цис
-изомер іс 
жүзінде кездеспейді. 
1,4-Диметилциклогександа термодинамикалық тұрақты 
транс-
изомер 
болып табылады, өйткені екі метил радикалдары экваториалды бағытта 


82 
1 1
7 2 7 8 2
5
5
7
7 8 
85
6 4
6 4
8 9
орналасқан. Керісінше, 1,3-диметилциклогексанның 
цис
-изомерінде метил 
топтары диэкваториальды орналасқан, сондықтан осы изомер тұрақты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет