А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы



Pdf көрінісі
бет53/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   153
Байланысты:
S4

5.3. Қатты алкандар 
Қатты алкандарға парафиндер мен церезиндер жатады. 
Парафиндер
– метан қатарының қатты көмірсутектері, негізінен 
қалыпты құрлысты болып келеді, дегенмен тармақталған құрлысты қатты 
алкандар да аздап кездеседі. Ұзын тізбектің бойында арендердің және 
циклоалкандардың сақиналары кездеседі. Молекулалық массала-ры бірдей 
болғанымен, қалыпты алкандардың балқу температуралары тармақталған 
алкандарға қарағанда жоғары болады. Парафиндердің тығыздығы қатты 
күйінде 865,0-тен 940,0 г/см
3
аралығында, ал балқыған күйінде 777,0-ден 790 
г/см
3
аралығында жатады. Парафиндер органикалық еріткіштерде нашар 
ериді, күкіртті көмір-текте парафиннің 12 бөлігі, жеңіл бензинде 11,7 бөлігі 
ериді. 
Молекулалық массасы өскен сайын жеке парафиндердің балқу 
температуралары да өседі. Балқу температурасы ең төмен парафин – 
гексадекан С
16
Н
34 
(
t
балқу 
18 
о
С). Мұнайдан бөлініп алынған табиғи парафин 
бірнеше көмірсутектердің қоспасы болғандықтан, оның тұрақты балқу 
температурасы болмайды. 
Балқу температураларына қарап парафиндерді жұмсақ (

45 
о
С), орташа 
балқитын (45-50 
о
С) және қатты (50-65 
о
С) деп бөледі. 
Қатты парафиндер барлық мұнайлардың құрамында, аз мөлшерде 5% 
дейін болады. Парафинді мұнайлардың құрамында олардың мөлшері 7-12% 
дейін өседі. Маңғыстау (Жетібай, Өзен) мұнайларында парафиндер 15-20% 
дейін кездеседі. 
Мұнайдағы парафиннің күйі температураға байланысты. Жоғары 
температурада (

40 
о
С) парафиндер мұнайда толықтай ериді. 360-370 
о
С 
айдалатын фракциядағы сұйық парафиндер 90-93%-тен 99% дейін қалыпты 
алкандардан тұрады. Қатты парафиндер (460-500 
о
С фрак-цияда) 75%-тен 
астам қалыпты алкандардан және аз мөлшерде циклоалкандар мен 
тармақталған алкандардан тұрады. 
Церезиндер 
– негізінен тармақталған қатты алкандар, кейде гиб-ридті 
түрлері де кездеседі. 
Парафиндердің молекулалық массалары 300-450, ал церезиндер-дікі – 
500-750 тең болады. Себебі, парафиндерде көміртек атомдары-ның саны 20-
35 болса, церезиндерде – 36-55 тең. 
Церезиндердің тығыздығы, тұтқырлығы және сыну көрсеткіштері 
парафиндерге қарағанда жоғары болады. Химиялық тұрақтылығы жағынан 
парафиндерден төмен.
Қалыпты алкандардың қайнау температуралары мен тығыздықта-рының 
мәні тармақталған алкандармен салыстырғанда жоғары болады. Балқу 
температуралары молекулалық массаға ғана байланыс-ты емес, сонымен 
қатар құрлысына да тәуелді. Бүйір тізбегі ортада орналасқан алкандардың 
балқу температуралары төмен болады. 


75 
Мұнайдың құрамында болатын кейбір алкандардың физикалық 
қасиеттері 4.1 – кестеде берілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет