80
6.
ЦИКЛОАЛКАНДАРДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ
ҚАСИЕТТЕРІ
Циклоалкандар (нафтендер) мұнайдың құрамында 25%-дан 75%-ға дейін
кездеседі. Олар мұнайдың барлық фракцияларында болады және фракция
ауырлаған сайын мөлшері көбее береді. Жоғары температурада қайнайтын
майлы фракцияларда ғана ароматты құрылымдардың көбеюіне байланысты
нафтендердің мөлшері азаяды. Қазақстанда нафтендерге бай Қараарна,
Доссор, Забурунье, Жаңажол және т.б. мұнайлары жатады, олардағы
нафтендердің орташа мөлшері 40-60%, кейбір жеке фракцияларда 90-95%
жетеді.
Бес- және алты мүшелі циклоалкандар тұрақты болып келеді, соған
байланысты мұнайдың құрамында циклопентан мен циклогексанның
көптеген гомологтары анықталған. Мұнайдың құрамында циклопропан және
циклобутан өкілдері анықталған жоқ.
Мұнайдың жоғарғы фракцияларында моно-, би-, три-, тетра-,
пентациклді, сонымен қатар арендермен байланысқан гибридті нафтендер
кездеседі.
Моноциклді нафтендер 300-350
о
С фракцияларына дейін кездеседі,
бициклді нафтендер 500
о
С дейінгі фракцияларда, трициклді нафтендер 350-
400
о
С жоғары фракцияларда кездеседі.
Циклоалкандардың фракцияларда таралуы мұнайдың типіне байланысты
және оны 6.1-кестеден көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: