94
8.
ҚАНЫҚПАҒАН КӨМІРСУТЕКТЕР
Соңғы кезге дейін шикі мұнайдың құрамында
қанықпаған қосылыстар
кездеспейді немесе өте аз кездеседі делініп келді.
А.В. Топчиев атындағы мұнайхимиялық синтездер институтында О.П.
Паренагоның басшылығымен жүргізілген зерттеулер мұнайдың құрамынан
қанықпаған қосылыстарды анықтады. ТМД елдерінің 800-ден астам әртүрлі
мұнайларының үлгілеріне жүргізілген зерттеулер нәтижесінде,
олардың
көпшілігінің құрамында қанықпаған қосылыстардың бар екені анықталды.
Қанықпаған қосылыстардың концентрациясы 0,1-10%, тіпті одан да көп
мөлшерде болады және олар мұнайдың қайнау температурасының барлық
диапазонында біркелкі таралған. Қанықпаған
көмірсутектерді анықтау
капиллярлы хроматография әдісін дамыту және алынған мәліметтерді
өңдеудің автоматтандырылған жүйесінің қосымша функциясын енгізу
арқылы іске асты. Нәтижесінде бензин фракциясының хроматографиясында
126
шыңдар анықталған, оның ішінде 15 қанықпаған көмісутектерге
(қ-олефиндер – 4, изоолефиндер - 11) тән екені дәлелденді.
Қанықпаған көмірсутектер мұнай өңдеу процесінде түзіледі, олар
мұнайхимиялық және негізгі органикалық синтездің маңызды шикізаты
болып табылады.
Кесте 8.1. Мұнай шикізатын термиялық және катализдік өңдеу
процестері газдарының құрамы, көлемдік %
Компоненттер
Термиялық
крекинг
Кокстеу
Пиролиз
Катализдік
крекинг
Н
2
0,4
1-2
10
1,0-1,5
Алкандар
СН
4
С
2
Н
6
С
3
Н
8
изо-
С
4
Н
10
С
4
Н
10
16-20
19-20
25-28
5-7
9-10
20-30
15-20
5-10
3-5
10-15
40-45
6-10
1-2
1-2
1-2
8-12
8-10
10-15
20-25
8-12
Алкендер
С
2
Н
4
С
3
Н
6
С
4
Н
8
С
4
Н
6
2-3
9-10
9-10
1-5
10-15
20-25
10-15
-
20-30
12-15
1-2
3-10
2-3
10-15
15-20
-
Қанықпаған қосылыстарды алу процестерінің екі тобын атауға болады,
бірінде олар қосымша өнімдер болса, екіншісінде
арнайы өнімдер болып
табылады. Бірінші топқа термиялық және катализдік крекинг, риформинг
және мұнай қалдықтарын кокстеу процестері жатады. Екінші топқа пиролиз,
төмен молекулалы
алкендерді полимерлеу, алкандарды дегидрлеу және
95
металорганикалық катализаторлар қатысында жоғарғы алкендерді синтездеу
процестерін біріктіреді.
8.1-Кестеде берілген нәтижелерге сәйкес қанықпаған көмірсутектердің
мөлшері сұйық фазалы термиялық крекингтің (470-520
о
С; 2-5 МПа) газында
шамамен 20 көлемдік пайызға, бу фазалы термиялық крекингтің (530-600
о
С;
0,1-0,5 МПа) және пиролиздің (670-900
о
С; 0,1 МПа) газында 30-50
көлемдік
пайызға тең болады. Термиялық процестерде түзілген
алкендердің ішінде
этилен мен пропилен басым және біраз мөлшерде бутилендер мен бутадиен
болады. Катализдік крекингтің газында алкендердің мөлшері 25 және одан
көп көлемдік пайызға тең болады, ал алкандардан изобутан 25 көлемдік
пайызға дейін құрайды.
Қанықпаған көмірсутектер сонымен қатар мұнай өңдеудің термиялық
және катализдік өңдеу процестерінің сұйық өнімдерінде кездеседі. Мысалы,
қанықпаған көмірсутектер сұйық фазалы термиялық крекингтің бензинінде
30-35 массалық %, бу фазалы крекингтің бензинінде 40-45 %,
катализдік
крекингтің бензинінде ≈ 10
%
болады.
Достарыңызбен бөлісу: