А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы



Pdf көрінісі
бет65/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   153
Байланысты:
S4

8.1.1.
 
Алкендерді бөліп алу 
 
Пиролиз өнімдерін бөлу мынадай негізгі сатылардан тұрады: 
1.
Пиролиз газдарын 3,5-4 МПа дейін компрессиялау және одан ≥С
5
көмірсутектерді бөліп алу.
2.
Пиролиз газын 
Н
2
S, CO
2
және органикалық күкіртті қосылыстардан 
тазалау. Күкіртті сутектен тазалау үшін моно-, ди-, триэтаноламиндердің 
сулы ерітіндісімен бөлме температурасында абсорбциялайды:
Пиролиз шикізатында күкірттің мөлшері 0,1 массалық пайыздан кем 
болса, газды тазалау үшін сілтінің судағы ерітіндісімен жуу жеткілікті. Бұл 
кезде пиролиз газы көміртектің күкіртті оксидінен де тазаланады: 
3.
Пиролиз газын диэтиленгликольмен судан абсорбциялау және NaA 
цеолитінде құрғату. 
4.
Ацетиленді және оның туындыларын бөліп алу палладий немесе 
никелькобальтхром катализаторының қатысында талғамды гидрлеу арқылы 
іске асады. Бұл саты көп жағдайда этан-этиленді және пропан-пропиленді 
фракцияларды бөліп алғаннан кейін жүргізіледі. Ацетиленді және 
метилацетиленді бөліп алу талғамды еріткіштермен абсорбциялау арқылы да 
іске асады. 
5.
Пиролиз газдарын С
2
, С
3
, С
4
 
фракцияларына айыру және олардан 
алкендерді бөліп алу ректификация жүргізу арқылы іске асырылады.


97 
Тазартылған пиролиз газынан сутегі мен метанды бөліп алу үшін төмен 
температуралы ректификация қысымда қолданылады. Метан – этилен 
компоненттер жұбының салыстырмалы ұшқырлық коэффициенті жоғары
сондықтан метанды колоннаның ≈ 30 тарелкасы болады. Этан-этиленді 
фракцияны бөліп алу (деэтанизация) ≈ 40 тарелкадан тұратын колонналарда 
оңай жүргізіледі. Этан-этиленді фракциядан этиленді бөліп алу күрделі 
процесс. Ректификация 110-120 тарелкадан тұратын колонналарда 
жүргізіледі. Пропиленді 200 тарелкадан тұратын колоннада ректификация 
әдісімен бөліп алады. 
Компоненттердің қайнау температураларының жақындығына және 
азеотропты қоспаның түзілуіне байланысты С
4
фракцияны жеке 
көмірсутектерге бөлу ректификация әдісімен мүмкін емес. Бутанды 
дегидрлеу өнімдерінен бутиленді бөліп алу үшін экстрактивті ректификация 
қолданылады. Бұл әдісте талғамды еріткіштер – диметилформамид, 
ацетонитрил, диметилацетамид, 
N-
метилпирролидон қолданылады. 
С
4
фракциядан изобутиленді бөліп алу оның қалыпты бутиленмен 
салыстырғанда жоғары реакциялық қабілетіне негізделген. Мысалы, 
изобутиленнің 60%-тік күкірт қышқылында абсорбциялану жылдамдығы 2-
бутеннен 150-200 рет жоғары, ал 1-бутеннен шамамен 300 рет жоғары. 
Процесті 40-45%-тік 
H
2
SO
4
қолданып жүргізгенде абсорбцияның 
талғамдылығы жоғары болады. Бұл кезде изобутилен гидратацияланып 
үшіншілік
-бутил спирті түзіледі:
Өндірісте изобутиленді бөліп алу әдісі металл хлоридтерінің (
SnCl
2

қатысында тұз қышқылымен әрекеттесуіне негізделген: 
Түзілген 
үшіншілік
-бутил спирті мен 
үшіншілік
-бутил хлориді қоспасын 
бөліп алып, 85-120 
о
С дейін қыздырғанда таза изобутиленді бөлінеді. 
Изобутиленді бөліп алудың экономикалық тиімді әдісі – бутилендерді 
цеолитте адсорбциялау. Осы әдіспен 99,9
%
таза изобутилен алынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет