А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы


 Алкендердің химиялық қасиеттері



Pdf көрінісі
бет66/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   153
Байланысты:
S4

8.1.2. Алкендердің химиялық қасиеттері 
Алкендер өте реакциялық қабілетті қосылыстар. Олар сутегіні бөлме 
температурасында ұнтақ Pt немесе Pd қатысында қосып алады. Бұл 
реакцияның аналитикалық мәні бар. Мысалы, арендер бұл жағдайда 
реакцияға түспейді, осылайша крекинг-бензиндегі алкендардың мөлшерін 
анықтауға болады. 
Алкендердің сынап (І) ацетатымен және күкірт (І) хлоридімен 
реакциясының да аналитикалық мәні бар.
Сынап (І) ацетаты метанол қатысында алкенді қосып алып, тұз түзеді:


98 
Осы әдісті пайдаланып алкендерді басқа көмірсутектерден бөлуге және 
гидролиздеп таза күйінде бөліп алуға болады. 
Күкіртті сутекпен қосылу реакциясы да алкендерді мұнай өнімдерінен 
таза күйінде бөліп алуға қолданылады: 
Алкендерді өңдеудің өндірістік процестеріне полимерлену, дегидрлеу, 
хлорлау, гидрохлорлау, гидратация, алкилдеу, оксосинтез жатады. 
Алкендердің төмен молекулалы олигомерлерге (димерлер, тримерлер, 
тетрамерлер) полимерленуі С
6

15
алкендер, әрі бензиннің жоғары октанды 
компоненттерін алудың өндірістік әдісі болып табылады. 
Алкендер полимерленіп жоғары молекулалы полимерлер – полиэтилен
полипропилен және полиизобутилен түзеді. 
Бутилен мен изоамилен дегидрленіп каучук синтезінің негізгі 
мономерлері – 1,3-бутадиен және изопрен түзеді:
Этилен мен пропиленді хлорлау және гидрохлорлау кейбір еріткіштерді 
алудың маңызды реакциясы болып табылады, ал гидратациясы негізінде 
спирттер түзіледі: 
Тармақталған алкандарды алкендермен күкірт қышқылында алкилдеу 
арқылы жоғары октанды мотор отыны – изооктан, ал моноциклді арендерді 
алкендермен алюминий хлориді қатысында алкилдеу арқылы негізгі 
органикалық синтездің маңызды шикізаты – алкилбензолдар алынады: 
Алкендер көміртек оксидімен және сутегімен кобальт катализаторының 
қатысында әрекеттесіп альдегидтер түзеді (оксосинтез реакциясы): 


99 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет