А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы


Кесте 7.1. Мұнайдың құрамынан анықталған күкіртті қосылыстар



Pdf көрінісі
бет69/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   153
Байланысты:
S4

Кесте 7.1. Мұнайдың құрамынан анықталған күкіртті қосылыстар 
 
Күкіртті қосылыстар,
гомологтық қатары 
Көміртек 
атомдарының 
саны 
Анықталған 
қосылыстар 
саны 
Меркаптандар
Алифатты SHC
n
H
2n+1
Тұйық тізбекті SHC
n
H
2n-1 
C
1
– C
8
С
5
39 

Сульфидтер
Алифатты C
n
H
2n+2

Тұйық тізбекті C
n
H
2n

Тұйық тізбекті C
n
H
2n-2

Тиоадамантан C
n
H
2n-4

Ароматты C
n
H
2n-6

Тиоиндандар C
n
H
2n-8

С
2
– С
8
С
4
– С
14
С
7
– С
11
С
9
С
10
С
8
– С
12
46 
48 
21 


21 
Дисульфидтер және тиенилсульфидтер 
Алифатты C
n
H
2n+2
S

C
n
H
2n-4
S

С
2
– С
4
С



Тиофендер
C
n
H
2n-4

Циклоалканотиофендер C
n
H
2n-2

С
4
– С
9
С
7
– С

19 

Бензо-, дибензо-, нафто-, бензонафтотиофендер 
C
n
H
2n-16

C
n
H
2n-16

C
n
H
2n-22

С

– С
11
С
12 
– С
16
С
12 
– С
13 
16 
10 

Әртүрлі тұйық тізбекті құрылымдар 
Тионотиофендер C
n
H
2n-8
S
2
Бензодитиофендер C
n
H
2n-14
S
2
Аценафтенотиофендер C
n
H
2n-18
S
2
С
7
С

– С
9
С
11 



Шикі, қыздырылмаған мұнайдың құрамында күкіртті сутектің мөлшері 
0,02% (масс.) дейін жетуі мүмкін. Күкірт те, күкіртті сутек те мұнайдың 
тікелей қосылыстары деп есептелінбейді. Олардың мөлшері металдарды 
таттандыратын әрекетіне байланысты өте аз болуы керек.
Меркаптандар (тиоспирттер) негізінен бензинді және аздап керосинді 
фракцияларда кездеседі. Олардың мұнайдағы мөлшері онша көп емес. 
Әртүрлі мұнайлардан бөлініп алынған меркаптандардың алифатты қатарына 
моно- және диметил-, моноэтилмеркаптандар, 1-, 2-, 3-, 4-гептантиолдар 
кіреді. Тұйық тізбекті меркаптандарға 5-, 6-мүшелі нафтенді және 


104 
арилмеркаптандар (фенилмеркаптан, 

-нафтилмеркаптан) жатады. Сонымен 
қатар, арилалкилмеркаптандар да анықталған, мысалы бензилмеркаптан. 
Барлық меркаптандардың, әсіресе төменгі гомологтарының өткір 
жағымсыз иістері болады. Сондықтан этилмеркаптанды тұрмыстық газға 
арнайы иісі біліну үшін қосады. 
300 
о
С дейін қыздырғанда меркаптандар ыдырап сульфидтер түзеді, ал 
500 
о
С жоғары температурада алкен және күкіртті сутек түзіледі: 
Әлсіз тотықтырғыштардың әсерінен дисульфидтер түзіледі, ал күшті 
тотықтырғыштар меркаптанды сульфоқышқылға айналдырады: 
Меркаптандардың тиол тобы әлсіз қышқылдық қасиет көрсетеді, 
сондықтан олар ауыр металдар оксидтерімен және сілтілермен меркаптидтер 
түзеді: 
Меркаптандардың 
молекулалық 
массасы 
жоғарылаған 
сайын 
меркаптидтер оңай гидролизденеді, сондықтан оларды бөліп алу қиындайды. 
Сульфидтер немесе тиоэфирлер мұнайда көп кездеседі, әсіресе жеңіл 
және орташа дистилляттарда көбірек (барлық күкіртті қосылыстардың 50-
70%). Алифатты сульфидтер бірдей (RSR) немесе әртүрлі (RSR


радикалдардан тұруы мүмкін, мысалы этилизопропилсульфид және 
диэтилсульфид,. Ароматты сульфидтердің радикалдары таза ароматты 
(АгSАг) 
немесе 
алкилароматты 
(RSАг) 
болып 
келеді, 
мысалы 
дифенилсульфид, этилфенилсульфид. Тұйық тізбекті сульфидтерге – тиофан 
(тетрагидротиофен, тиоциклопентан), тиоциклогексан, тиоциклогептан, 
олардың алкилтуындылары және т.б. жатады. Бициклді радикалдары бар 
сульфидтер – тиобициклооктандар және тиогидриндандар анықталған. 
Трициклді сульфидтерден әзірге белгілісі – тиоадамантан. 
Сульфидтер бейтарап қосылыстар, сондықтан оларды сілтілердің 
көмегімен мұнайдан бөліп алуға болмайды. Олар күкірт қышқылында жақсы 
ериді, галогеналкилдермен, металдар галогенидтерімен (АlВг
3
, SnCl
4
, TiCl
4

HgCl
2
), фторлы сутекпен, бор фторидімен және басқалармен көмірсутектерде 
ерімейтін комплекстер түзеді. Сульфидтер қыздыру кезінде 350 
о
С дейін 
меркаптандарға, ал одан жоғары температурада күкіртті сутекке және 
алкенге ыдырайды: 


105 
Дисульфидтер мұнайда аз мөлшерде кездеседі. Олардың реакциялық 
қабілеті сульфидтерден күштірек. Қыздырғанда олар меркаптан, күкіртті 
сутек және көмірсутектер түзіп оңай ыдырайды. 
Тиофендер мен олардың туындылары мұнайдың орташа және жоғары 
фракцияларында кездеседі. Бұлар химиялық активтілігі төмен, қыздыруға 
тұрақты қосылыстар.
Бұлар негізінен 2-, 3-метил-, 2-, 3-этил, 2-пропил-, 2-изопропил-, 2,3-, 
2,4-, 2,5-, 3,4-диметилтиофендер. Үш радикалмен байланысқан өкілдеріне – 
триметил- және этилдиметилтиофендер жатады. 
Тиофеннің арилді және гибридті туындылары мұнайда көбірек таралған, 
мысалы: 
бензотиофен дибензотиофен нафтотиофен 
3,5-диметилтетрагидробензотиофен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет