93
Анилиннің көп бөлігі полиуретанды пенопластар өндірісінде және
синтетикалық каучукты вулканизациялауда қолданылады. Анилиннің
азғантай бөлігі (өнімнің 10-15%) бояулар, фотоматериалдар және
фармацевтикалық препараттар жасау өндірісінде қолданылады.
Бензолды қолданудың басқа саласына синтетикалық жуғыш заттар –
алкиларилсульфонаттар (RC
6
H
4
SCO
2
ONa) өндірісін атауға болады.
Толуол бензолға қарағанда аз қолданылады. Оны полиуретандар
өндірісінің негізгі мономері – толуилендиизоцианат синтезінде қолданады.
Толуол, сонымен қатар, капролактам, фенол, бензалдегид, жарылғыш зат
– 2,4,6-тринитротолуол, т.с.с. өндірістерінде қолданылады.
Толуолдың біраз бөлігі термиялық немесе катализдік гидродеалкилдеу
арқылы бензол алу өндірісінде қолданылады. Гидродеалкилдеу процесімен
қатар толуолдың диспропорциалану өндірістік процесі жүргізіледі:
Толуол, сол сияқты, еріткіштер ретінде де қолданылады.
Ксилолдар да әртүрлі заттарды синтездеуде кең қолданылады. Мысалы,
п
-ксилолды тотықтырып немесе тотықтыра аммонолиздеп терефталь
қышқылын,
о
-ксилолдан фталь ангидридін,
м
-ксилолдан тотықтырып
изофталь қышқылын синтездеуге болады.
Терефталь
қышқылын
және
диметилтерефталатты
полиэфирлі
синтетикалық талшықтар өндірісінде қолданады.
Фталь ангидриді алкидті және полиэфирлі шайырлар, пластификаторлар
(диоктилфталат), репеленттер (диметил- және диэтилфталаттар) өндірісінде
қолданылады.
Нафталин фталь ангидриді, инсектицидтер, 1- және 2-нафтолдар
өндірісінде қолданылады. Нафтолдар және нафтиламиндер азобояулар
өндірісінде қолданылады.
Алкилнафталиндер
қышқыл
катализатор
(НСООН)
қатысында
формальдегидпен әрекеттесіп термопластикалық шайырлар түзеді.
Достарыңызбен бөлісу: