А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы



Pdf көрінісі
бет60/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   153
Байланысты:
S4

7.1.
 
Арендердің физикалық қасиеттері 
Кейбір арендердің физикалық қасиеттері 7.1-кестеде келтірілген. 
Алкандармен және циклоалкандармен салыстырғанда арендердің 
тығыздығы мен сыну көрсеткіші жоғары болады.
Арендердің молекулаларында күштік өріс (булану жылуының немесе 
бос әрекеттесу энергиясының молекула бетінің көлеміне немесе ауданына 
қатынасы) қаныққан көмірсутектермен салыстырғанда едәуір жоғары 
болады. 
Сондықтан 
арендер 
полюсты 
адсорбенттерде 
жақсы 
адсорбцияланады және полюсты еріткіштердің көпшілігінде таңдамалы түрде 
ериді. 
Арендердің балқу температурасы молекулалық массасынан ғана емес
сонымен қатар молекуланың пішінінен де тәуелді. Молекула симметриялы 
болған сайын, олар кристаллды торға оңай жинақталады, сондықтан 
кристалдану 
температурасы 
жоғары 
болады. 
Мысалы, 
ксилолдар 
изомерлерінің ішіндегі ең симметриялысы – 
п
-ксилолдың кристалдану 
температурасы бәрінен жоғары болады, ал дуролдың балқу температурасы 
басқа тетраметилбензолдардан едәуір жоғары. Симметриялы бензол 
молекуласына бір метил тобын енгізгенде балқу температурасы 100
о
С 
төмендейді. Сақиналары тізбектеліп біріккен антрацен типтес полициклді 
арендердің балқу температуралары, фенантрен типтес арендердің балқу 
температураларынан едәуір жоғары болып келеді. 
Изомерлі арендердің қайнау температураларында айырмашылық онша 
көп емес. Алкил топтары сақинада қатар орналасқан (
о
-ксилол, 


89 
гемимеллитол, пренитол) изомерлердің қайнау температуралары ең жоғары 
мәнге ие болады. 
 
Кесте 7.1. Кейбір арендердің физикалық қасиеттері 
 
Көмірсутектер
20
4


кг/см

t
қайн

о
С 
t
крист

о
С 
20
D
n
Бензол 
Толуол 
о
-Ксилол 
м
-Ксилол 
п
-Ксилол 
Этилбензол 
Гемимеллитол (1,2,3-триметилбензол) 
Псевдокумол (1,2,4-триметилбензол) 
Мезитилен (1,3,5-триметилбензол) 
Кумол (изопропилбензол) 
Пропилбензол 
Пренитол (1,2,3,4-тетраметилбензол) 
Дурол (1,2,4,5-тетраметилбензол) 
Изодурол (1,2,3,5-тетраметилбензол) 
Бифенил 
Нафталин 
Фенантрен 
Антрацен
879,0 
866,9 
880,2 
864,2 
861,0 
867,0 
894,4 
875,8 
865,2 
861,8 
862,0 
905,2 

890,4 




80,1 
110,6 
144,4 
139,1 
138,4 
136,2 
176,1 
169,4 
164,7 
152,4 
159,2 
205,0 
196,8 
198,2 
255,6 
218,0 
340,1 
342,3 
5,52 
-95,0 
-25,2 
-47,9 
-13,3 
-95,0 
-25,4 
-43,8 
-44,7 
-96,0 
-99,5 
-6,2 
79,2 
-23,7 
69,0 
80,3 
99,2 
216,0 
1,5011 
1,4969 
1,5054 
1,4972 
1,4958 
1,4959 
1,5139 
1,5048 
1,4994 
1,4914 
1,4920 
1,5203 

1,5130 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет