А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы


Циклоалкандарды алу жолдары



Pdf көрінісі
бет59/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   153
Байланысты:
S4

6.5. Циклоалкандарды алу жолдары 
 
Циклогександы алудың негізгі жолы бензолды никель қатысында 140-
200 
о
С қыздырып 1-5 МПа қысымда гидрлеу болып табылады: 
Циклогептанды циклопентадиен мен ацетиленнің қосылуынан түзілген 
аддуктны пиролиздеп, түзілген циклогептадиенді гидрлеу арқылы 
синтездейді: 
Циклооктанды синтездеу үшін ацетиленді немесе 1,3-бутадиенді Реппе 
бойынша циклополимерлеп, алдымен циклооктатетраен алады, сосын оны 
гидрлейді: 


86 
Бутадиеннің циклді тримерін гидрлеу арқылы циклододеканды алуға 
болады: 



2
3
Н


87 
7.
 
АРЕНДЕРДІҢ ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ 
ҚАСИЕТТЕРІ 
Арендердің (ароматты көмірсутектердің) мұнайдағы мөлшері әдетте 
алкандармен және нафтендермен салыстырғанда төмен болады. Бұл 
көмірсутектердің мөлшері әртүрлі мұнайларда орташа алғанда 10-20% (масс.) 
құрайды. Арендерге бай Чусов мұнайында олардың мөлшері 35% жетеді. 
Негізінен жас кайназой мұнайларында арендер көбірек болады. 
Мұнайда кездесетін көмірсутектердің бұл қатарына бензол және оның 
гомологтары, сонымен қатар би- және полициклді қосылыстардың 
туындылары жатады. Мұнайда бензол сақинасымен қатар циклогексан 
сақинасынан тұратын гибридті құрылысы бар көмірсутектер де кездеседі.
Мұнай арендері басқа көмірсутектерге қарағанда терең зерттелінген. 
Себебі олардың реакциялық қабілеті жоғары, адсорбцияға талғамды түрде 
түседі, полюсты еріткіштерде жақсы ериді және балқу температуралары 
жоғары болады. 
Бензин фракцияларында С

дейінгі барлық алкилбензолдар анықталған. 
Басым мөлшерде толуол, 
м
-ксилол және псевдокумол (1,2,4-триметилбензол) 
кездеседі. Бүйір тізбектің саны артқан сайын изомерлер де көбееді. 
Мұнайдағы толуолдың мөлшері бензолдан да, этилбензолдан да, 
ксилолдардан да көп. С
8
арендер мөлшерінің өзара қатынасы мына қатарда 
көрсетілгендей болады: 
м
-ксилол 

этилбензол 

о
-ксилол
 

 
п
-ксилол. 
Алайда, бұл көрсеткіш олардың термодинамикалық тұрақтылығымен сәйкес 
келмейді: 
м
-ксилол 

 
п
-ксилол 

о
-ксилол 

этилбензол. Изомерлердің 
термодинамикалық тепе-теңдік құрамынан ауытқуы мұнайды құрайтын 
бастапқы органикалық заттарда белгілі бір қосылыстың басым болуымен 
түсіндіруге болады. Басқа зерттеушілердің пікірі бойынша мұндай ауытқу 
мұнай жиналған жыныстың катализдік әсерінен болады. 
Керосинді және газойлді фракцияларынан бензол қатарының 
көмірсутектерінен басқа нафталиннің және дифенилдің гомологтары, 
сонымен қатар 1,2-бифениэтан анықталған: 
нафталин дифенил 1,2-бифениэтан
Мұнайда нафталиннің мөлшері метил туындыларына қарағанда едәуір 
аз. Бифенилдің мұнайдағы мөлшері нафталиндерден де аз. 
Ауыр газойлді, майлы және мұнайдың жоғарғы фракцияларынан 
полициклді арендер анықталған, олардың өкілдеріне фенантрен, антрацен, 
хризен және пирен және олардың метил туындылары жатады.
Фенантреннің 
гомологтары 
мұнайдың 
құрамында 
антраценнің 
туындыларына қарағанда едәуір көп болады. 


88 
Ауыр дистилляттарда сақиналарының саны 7-ге дейінгі полициклді 
арендер анықталған. Мұнайдағы полициклді арендердің мөлшері болымсыз 
болып келеді. 
фенантрен антрацен хризен 
Мұнайдың жоғарғы фракцияларында гибридті арендер (нафтен-арендер) 
кең таралған. Олардың қарапайым өкілдеріне мыналар жатады: 
индан тетралин флуорен аценафтен 
Гибридті арендердің көпшілігінің ароматты және алициклді сақиналары 
біріккен болып келеді. Сонымен қатар, мұнайдан фенилциклогексан типтес 
сақиналары бірікпеген көмірсутектер де анықталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет