6.2. Полициклді циклоалкандар Полициклді циклоалкандар 400
о
С жоғары фракцияларда көп
жинақталған. Олар бүйір тізбегінде ұзын алкил топтары бар екі немесе
бірнеше сақиналары біріккен көмірсутектер болып келеді. Бұл көмірсутектер
қалыпты температурада қатты заттар.
Мұнайдан бөлініп алынған алғашқы бициклді көмірсутектерге
транс- декалиндер,
цис- пенталан, норборнан және оның метил туындылары,
бицикло[3.3.0]октан,
бицикло[3.2.1]октан,
бицикло[2.2.0]октан
және
бицикло[4.3.0]нонандар жатады:
3
бицикло[3.2.1]октан бицикло[3.3.1]нонан
Термодиффузия
әдісімен
С
8
-С
9
бициклді
циклоалкандардың
концентраты бөлініп алынып, 18 қосылыстардың құрылысы анықталды.
Мұнайларда сақиналарының саны үштен көп циклоалкандар анықталған.
Оларға тетрациклододекан және пентациклотетрадекан (конгрессан) жатады.
Мұнайдың құрамында алғаш анықталған трициклді көмірсутектер
адамантан және оның С
1
-С
4
алкил туындылары болды.
трицикло[3.3.1.1
3,7
]декан (адамантан)
Адамантан конденсацияланған циклогексанның үш молекулаларынан
тұрады, балқу температурасы 269
о
С. Адамантан туындыларын дәрілік
заттар, полимерлер және т.б. құнды қасиеттері бар заттарды синтездеуде
қолданады. Қазіргі кезде мұнайдан адамантанның 2-6 молекулалары біріккен
туындалыры анықталды: диамантан, триамантан, тетраамантан т.с.с.
Қазақстан мұнайларынан (Забурунье, Мартыши, Жаңажол) адамантан
және оның моно-, ди-, три-, тетраметил- және этилтуындылары анықталды.
6.3. Циклоалкандардың физикалық қасиеттері Циклоалкандардың негізгі физикалық қасиеттері 6.1-кестеде келтірілген.
Циклоалкандардың қайнау температуралары молекуласындағы көміртек
83
атомдарының саны бірдей алкендердің немесе алкандардың қайнау
температураларынан жоғары, тығыздығы сәйкес қалыпты алкандардан
жоғары, ал арендердің тығыздығынан төмен.