1. Натрий тетраборатының түрлеріне сипаттама беріңіз. Табиғи бор минералдарына атаңыз



Дата26.12.2021
өлшемі10,19 Kb.
#105909
Байланысты:
Шыныбек 304
Апаева Н, жазу,оқу, тіл дамыту, күнтізбе үйірме 2023 -2024 жаңа, Қазақстан Тарихы (ҰБТ-2024 кездесетін тарихи даталар тізімі)

Жүзтай Шыныбек

304 хо


1.Натрий тетраборатының түрлеріне сипаттама беріңіз.

2. Табиғи бор минералдарына атаңыз.

3. Бораттардың құрылысы көрсетіңіз.

4. Натрий перборатының судағы ерігіштігін дәлелдеңіз.

5. Қайта кристалдау түсінігіне анықтама беріңіз.
Таза бор элементінің ашылу тарихын баяндаңыз.

2. Жер қыртысында кездесетін бордың қосылыстарын атаңыз.

3. Бордың ең маңызды минералдарын атаңыз.

4. Бордың адам ағзасына тигізетін әсерін сипаттаңыз.

5. Бордың өсімдіктерге тигізер пайдасын сипаттаңыз.

6. Бор карбиді және бор фосфиді кездесетін жерлерді көрсетіңіз.


Жауаптары

1.Табиғи бордың ашылу тарихы

Борды -алғаш рет 1808 ж. француз химиктері Ж. Гей-Люссак пен Л. Тенар бор ангидридін металл калиймен тотықсыздандыру арқылы алған.
2.Бордың жер қыртысындағы орташа мөлшері 4 г/т. Соған қарамастан бордың 100-ге жуық минералдары белгілі. Айтарлықтай барлық минералдарында бор оттекпен байланысқан, ал фтормен қосылыстары тіптен аз болып келеді. Элемент ретінде бор табиғатта кездеспейді. Ол аз концентрацияда бораттар және боросиликаттар түрінде көптеген қосылыстардың құрамына кіреді. Ферсман бойынша жер қойнауында бор атомдық салмағы (7x10-3%) бойынша 22-ші орында және кларкты салмақ бойынша 27-ші (5x10-3%) орында. Соған сәйкес бор сирек емес элемент.

3. Қазіргі кезде шамамен 150-ге жуық бор минералдары белгілі. Солардың ішінде маңыздылары сассолин, кальций және магний бораттары. 
Барлық бор минералдары негізгі екі класқа бөлінеді: бораттар және боросиликаттар. Бораттардағы бор комплекстүзуші катион ретінде басты роль атқарады. Көптеген бораттар Mg, Ca, Na, Sr және Mn сияқты элементтерден тұратын бірнеше катиондар тобының тұздары болып табылады. Бораттар құрамындағы су молекулаларының мөлшеріне байланысты, сусыз және сулы бораттар болып бөлінеді. Бораттардың кристалдық торынан шамамен он беске жуық бор қышқылды аниондардың құрылысы табылып, олардың жиырма екісінің полимерлену түрі есептелген.
4.Бор минералдары табиғатта әртүрлі эндогенді, экзогенді және метаморфогенді процестердің негізінде түзіледі. Осыған байланысты жер қыртысында пайда болған бор кен орындарының түрі бірнеше геологиялық кластарға бөлінеді. Олардың ішінде өнеркәсіптік маңызы ең жоғарысына жанартаулы аймақтарда түзілген бор кендері жатады. Ондай кен орындарында-улексит, пандермит, тинкал-кернит сияқты минералдар жатады. Бұл минералдар өздерінің сапасы жағынан дүние жүзі бойынша жоғары сортты минералдар болып табылады. Жанартаулы бор кен орындары -Түркия, Калифорния, Иран, Аргентина, Чили, Перу мемлекеттеріне тиісті.



5Бордың жетіспеуінен өсімдіктің өсу нүктесі өліп, меристемалық клеткалардың бөлінуі тоқталып, өткізгіш ұлпалардың өткізу қасиеті бұзылып, осының нәтижесінде өсімдіктің синтетикалық процесі бұзылады. Бор жетіспеген жағдайда глюкозаның фосфорлы эфирінің пайда болуы, АТФ-тың синтезделуі нашарлайтындығы байқалған. Профессор М. Я.Школьник пен оның шәкірттерінің пікірінше, бордың зат алмасуға тигізетін әсері оның өсімдік тамырын оттегімен жабдықтауға дұрыс әсер ететіндігіне байланысты. Бор өсімдіктің минералды заттармен қоректенуіне де әсер етеді. Бор жоқ жағдайда өсімдік топырақтан керекті мөлшерде кальцийді қабылдай алмайды. Бор клетка қабықшасында пектиннің, целлюлоза мен лигниннің жиналуына әсер етеді. Сондықтан клетка қабықшасының созылуы және жуандау процесі орындалатын кезеңдері қалыпты өте алмайды.

1. Сонымен ең алдымынн тоқталатын болсақ Натрий тетрабораты- бейорганикалық қосылыс, Na2B4O7 химиялық формуласы, көп таралған және көп қолданылатын бордың қосылысы. Өнеркәсіпте бірнеше гидратты кристалл түзеді. Натрий тетрабораты Na4B2O7 – тетрабор қышқылының тұзы. Моно-, ди-, тетра, пента-, декагидраттар және сусыз түрінде кездеседі. Натрий тетраборатының тетрагидраты Na4B2O7 * 10 H2O (бура, тинкал) сутекті бай-ланысқан тізбекті аниондардан құралған.

2. Бізге белгілі Бор минералдарын 2 ге бөліп қарастырамыз. Олар оттекті және оттексіз. Оттектілерге: метоборит, сассолин, диамагнит, амегинит, бура, кернит; Оттексіздерге: ферручит, авогадрит;

3. Ал енді Бораттар (оксобораттар)деп – бор қышқылдарының: метабор HBO2, ортобор H3BO3, қалыпты жағдайда кездеспейтін полибор қышқылдарының Н3m-2nBmO3m-n тұздары. Борат молекула-сындағы бор атомының санына қарай моно-, ди-, тетра-, гексабораттар, т.б. болып бөлі-неді. Бораттардың құрылымы бірден алтыға дейінгі, кейде тоғыз атом бордан тұратын бор-қышқылды топтардан тұрады.

4. Сонымен қатар Қайта кристалдану дегеніміз - алдында деформацияланған жеке кристалдар мен агрегаттар бойынша деформациясыз, кернеусіз торлы жаңа тұрақты кристалдардың қайта кристалдану процесі. Мұнда қайта кристалдану қатты күйде жүреді

5. Таралған тұз – бура – натрий тетрабораты немесе натрий пиробораты, сулы ерітінділерден 56 °С жоғары Na2B4O7 . 5H2O түрінде, 56 °С төмен - Na2B4O7 . 10H2O түрінде кристалданады, ірі бірқиықты (моноклин) призмалы кристалдар (тығыздығы 1,70 г/см3 ) жəне ауада желденеді. Бураны 350-400 °С қыздырғанда сусыз Na2B4O7 алынады, ол 742° мөлдір, осал, тығыздығы 2,34 г/см3 шыныға айналып, балқиды. Бураны бор қышқылымен 140-180 °С қатты қыздырғанда, Na2О : B2O3 < 1 : 4, полибораттар алынады. Натрий, калий жəне аммонийдің нағыз пербораттары белгілі. Натрий пербораты түссіз, гигроскопиялы кристалдар, тотықтырғыш қасиеті бар, негіздік реакцияға ие, 50° жоғары сутегін бөліп, ыдырайды. Жуғыш заттарды дайындауға қолданылады

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет