А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы



Pdf көрінісі
бет51/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   153
Байланысты:
S4

5.
 
АЛКАНДАРДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ 
ҚАСИЕТТЕРІ 
Алкандар (парафиндер) мұнайдың және ілеспе газдардың құрамында газ, 
сұйық және қатты күйде болады. Газ күйіндегі алкандардың көміртек 
атомдарының саны 1-ден 4-ке дейін болады және олар негізінен табиғи және 
ілеспе газдардың құрамына кіреді. Көміртек атомдарының саны 5-тен 15-ке 
дейінгі алкандар сұйық болып келеді, негізінен мұнайдың және газды 
конденсаттың құрамында болады. Гексадеканнан бастап (С
16
) қалыпты 
алкандар қатты заттар, олар еріген күйде немесе кристалл күйінде мұнайдың 
және оның жоғары фракцияларының құрамына кіреді. 
Мұнайдың құрамында алкандардың жалпы мөлшері 40-50% дейін 
жетеді, кейбір мұнайларда 50-70%, ал кейбірінде 10-15% дейін болады. 
Қазақстан мұнайларының ішінде парафині көп мұнайларға Маңғыстау, 
Кенқияқ және Кұмкөл мұнайлары жатады.
5.1. Газ күйіндегі алкандар 
 
Кен орнына және өндіру әдістеріне байланысты көмірсутекті газдар 
табиғи, ілеспе және газды конденсатты болып бөлінеді.
Табиғи газдар негізінен метаннан (93-99%) тұрады және азғантай 
мөлшерде этан, пропан, бутандар, пентандар және азот, күкіртті сутек, 
көміртек диоксиді кездеседі. Табиғи газдар таза газ кенорындарынан 
өндіріледі. 5.1-Кестеде кейбір табиғи газдардың құрамы берілген. 
Кесте-5.1. Кейбір табиғи газ кенорындарының құрамы, көлемдік % 
Кенорындар 
СН
4
С
2
Н
6
С
3
Н

С
4
Н
10 
С
5
Н
12 
СО

𝑁
2
+
сирек 
газдар 
Саратов . . . . . . . . . . . 
Фергана . . . . . . . . . . . 
Уренгой . . . . . . . . . . 
Комсомольское . . . . . 
Заполярное . . . . . . . . 
94,7 
63,0 
98,5 
97,8 
98,5 
1,80 

0,10 
0,15 
0,20 
0,25 
27,3 
Іздер 
0,004 
0,05 
0,05 

Іздер 
0,001 
0,012 


Жоқ 
Жоқ 
Іздер
3,0 
3,0 
0,21 
0,28 
0,50 
3,0 

1,112 
1,74 
0,70 
Ілеспе газдар мұнаймен бірге өндіріледі. Мұнай жер бетіне шыққаннан 
кейін, қысымның азаюына байланысты мұнайдан газ бөлініп шығады. 
Әртүрлі ілеспе газдардың құрамында 90-94% дейін метан, 15-20% дейін этан, 
пропан, бутан, пентан және азғантай мөлшерде азот пен көміртек диоксиді 
болады. Ілеспе газдар жеңіл бензин дайындалатын шикізат бола алады. 
Газды конденсатты кенорындарының газы жер астында сұйық мұнай 
көмірсутектерімен қаныққан күйде болады, ал жер бетіне шыққан кезде 
қысымның азаюынан сұйық бөлігі конденсат түрінде негізгі массадан оңай 


73 
бөлінеді. Газдың құрамында С
1

5
басқа 2-5% және одан да көп сұйық 
көмірсутектер болады (Кесте 5.2). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет