Негізгі бөлім: 28мин.
10 мин
8 мин
2 мин
3 мин
5 мин
|
1.Жаңа сабақ . Жалпы түсінік беремін:
- А)Қандай көмірсутектер алкандар деп аталады?
Б) Метанның құрылымдық, молекулалық, электрондық формуласын жазыңдар
В) Метанның құрылысының қандай ерекшеліктері бар? (барлық байланыстар бірдей, гибридті электрон бұлттары тетраэдр төбесіне бағытталған).
Г)Алкандардың жалпы формуласы қандай?
Д) Алкандарда көміртек атомы неге ирек құрылысты?
Е) Қандай бөлшектер радикалдар деп аталады?
Ж)Иректелген көміртек тізбегі кеңістікте не себебті әртүрлі пішінде бола алады?
«ДЖИГСО» әдісі бойынша тақырыптың мәнін ашу тапсырылады.
Слайд арқылы жалпы мәліметтер береді.
Қосымша тапсырмалар беремін, олардығ дұрыс орындалуын тексеремін.
|
1.Оқушылар өз бетімен және топтасып тапсырмаларды орындайды .Әр топ тақырыпшасын «ДЖИГСО » әдісі бойынша қорғайды.
1-топ. Физикалық қасиеттері. Алғашқы заттар(С1 –С5 ) – газдар, (С5 - С10 )-сұйық, С11 Н –қатты заттар. Гомологтық қатарда көміртек атомының саны өскен сайын агрегаттық күйі өзгереді бұнымен диалектиканың заңы:сан өзгерісінен сапа өзгерісіне ауысу айқын байқалады. Гомологтық қатарда көміртек атомының саны өскен сайын қайнау,балқу,температуралары өседі,яғни молекула арасындағы тартылу күші де артады.Тізбектелген көмірсутектер тармақталған көмірсутектерге қарағанда жоғары температурада қайнайды.
2- топ. Қаныққан көмірсутектердің химиялық қасиеттері
А) Негізгі қасиеттерінің бірі –жану реакциясы.Көптеген химиялық реакциялар адамдардың төңірегінде,оның өзінде жүріп жатады. Біз бұндай химиялық құбылыстарға көңіл аудара бермейміз.Бұл құбылыстар қалай жүреді? (ас үйдегі газ, оталдырғыштың жануы, шахтадағы жарылыстар–бұл алкандардың жану реакциялары.)
С Н4 + О2 -----СО2 +Н2О + 880 кДж/ моль
Бұл реакция қай типке жатады? (экзотермиялық жарық, жылу бөле жүретін , алкандар жанғанда көп мөлшерде жылу бөлінеді,сондықтан отын ретінде қолданылады)
3-топ. Химиялық тұрақты, қышқылдармен,сілтілермен,тотықтырғыштармен әрекеттеспейді.
В) Орынбасу реакциясы ( алкандарға сапалық реакция).
Н Н
Н-С-Н+ Сl-Сl Н- С –Cl + Н-Cl
Н Н
Н Н
Н-С-Cl+ Cl-Сl H- С –Cl + Н-Cl
H Cl
Н Н
H-С-Cl+ Сl-Сl Cl- С –Cl + Н-Cl
Cl Cl
Н Cl
Cl-С-Cl+ Сl-Сl Cl- С –Cl + Н-Cl
Cl C
Галоген есебінде тек бром және хлор қолданылады.
В) Термиялық айырылу реакциясы, температура 1000 С дейін.
СН4 ------------ С+ 2Н2;
Егер температура 1000 С тан жоғары болса, онда мына реакция жүреді:
2СН4 ------------Н3С—СН3 +3Н2 (дегидрлеу реакциясы)
Изомерлену реакция: көмірсутектердегі байланыс үзіліп тізбекті көмірсутектер тармақталған көмірсутектерге айналады.
400 С, AlCl3
СН3-СН2-СН2-СН2-СН3------------СН3-СН-СН2-СН3
СН3
|
АКТ,
түрлі-түсті қағаз, оқулық, дәптер
|
Саралау
Оқушылар топта белсенді қатысады
|
Бағалау
Оқушылардың өз бетімен жұмыс істей алу және топ ішінде белсенді қатысу қабілеті артады.
|
Пәнаралық байланыс.
Физика, математика
|