68
УК-спектрлер органикалық қосылыстар санын анықтау үшін де
қолданылады.
Инфрақызыл спектрлер
. Қызған стерженнен (мысалы, кремний
карбидінен жасалған) тараған инфрақызыл (ИҚ) сәулені кюветаға ( КВг-нан
дайындалған) қойылған кез-келген
зат арқылы өткізгенде, сәуле
энергиясының бір бөлігі затқа сіңеді. Сіңген энергия көбінесе атомдар
тербелісін қоздыруға, яғни байланыстардың
ұзындығын және олардың
арасындағы бұрыштарды өзгертіге жұмсалады. Сондықтан, ИҚ жарық шоғын
зат арқылы өтіп шыққаннан кейін саңылаудан өткізсе және призманың
(мысалы, NaCl-дан істелген) көмегімен жиілік бойынша спектрге
айналдырып, оны арнаулы детектор арқылы мониторда көрсетуге болады
(сурет 4.3).
Алғашқы сәуленің затқа сіңген энергияларына
спектрдегі минимумдар
сәйкес келеді. Сол минимум спектрлердің орналасуы бойынша зерттелетін
затта қандай химиялық байланыс бар екендігін дәл анықтауға болады,
Сурет 4.3. Метилацетиленилкетонның инфрақызыл спектрі (абсцисса
осінде – есептелінген толқын ұзындығы, ординатада – өткізу проценті):
Достарыңызбен бөлісу: