А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы



Pdf көрінісі
бет43/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   153
Байланысты:
S4

4.4.
 
Кристаллдану
Кристаллдану әдісі қоспадан балқу температурасы ең жоғары белгілі 
компонентті немесе компоненттер тобын бөліп алуда қолданылады. 
Кристалдануды майлағыш майлар өндірісінде депарафиндеу әдісі ретінде 
және 
п
-ксилолды басқа ксилолдар мен этилбензол қоспасынан бөліп алуда 
қолданады. 
С
10
алкилбензолдардың балқу температурасы ең жоғары изомері дурол 
(1,2,4,5-тетраметилбензол) кристаллдану әдісімен бөлініп алынады. 
Кәдімгі кристаллдау әдісімен қатар өндірісте мұнай фракцияларын 
талдау үшін 
экстрактивті кристаллдану
– еріткіштерді пайдалану арқылы 
жүретін процесті пайдаланады. Еріткіш бірнеше функцияны атқарады: 
эвтективті қоспаның төмен температурада балқитын компоненттерін 
экстракциялайды, кристалданудан төмен температурада сұйық фазаның 
болуын қамтамасыз етеді, ерітіндінің тұтқырлығын төмендетеді. 
Экстрактивті кристаллдану майлы фракцияларды депарафиндеу үшін 
қолданылады. Кристалдану температурасы салыстырмалы жоғары болатын 
қалыпты алкандарды бөліп алу майлардың ағысын жақсартады және қатты 
парафиндердің тұнбаға түспеуін қамтамасыз етеді. Бұл процесте 
қолданылатын еріткіштердің алкандарды еріту қабілеті төмен, ал басқа 
компоненттерді еріту қабілеті жоғары болуы керек. Еріткіштер ретінде 


60 
кетондар (ацетон, метилэтилкетон) мен арендердің (толуол) қоспасын 
пайдаланады. Соңғы кезде пропилен мен ацетонның қоспасын қолданады, 
бұл қоспа жоғары таңдамалдылық көрсетеді, соған байланысты майлардың 
қату температурасы төмен болады. 
Экстрактивті кристаллдану әдісі моно- және бициклді, пента- және 
гексаметиленді циклоалкандарды бөлуде, арендерді бөлуде және тазалауда, 
изопарафинді-нафтенді қоспаларды және тармақталған алкандарды және 
циклоалкандарды бөлуде қолданылады. 
Кристаллданудың тағы бір түрі – 
аддуктивті кристаллдану
кезінде 
қолданылатын қосылыс кейбір компоненттермен аддукт қоспасын – қатты 
комплекстер түзеді. Мысалы, карбамидті депарафиндену – карбамидтің 
қалыпты алкандармен қатты комплекс түзу процесін айту.а болады. 
Аддуктлердің түзілуі қоспадаға кейбір компоненттердің қолданылатын 
қосылыстың кристаллды торының қуысына ену қабілетімен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет