45
Әдетте мұнайдың түсі неғұрлым қою болса,
соғұрлым онда асфальтты-
шайырлы заттардың мөлшері көп болады.
Мұнай өнімдерінің түсін анықтайтын құралды
колориметр
деп атайды.
Мұнай өнімдерінің түсі екі стандартқа сәйкес анықталады: ГОСТ 2667-
82 (ЦНТ және КНС-1 колориметрлерінде ашық түсті мұнай өнімдері үшін)
және ГОСТ 25337-82 (КНС-2 колориметрінде мұнай парафиндері үшін).
3.7.2. Сыну коэффициенті
Мұнай өнімдерінің
сыну көрсеткішін
(
n
D
20
) жарық сәулесінің ауадан
мұнай өнімдері арқылы өтуі кезінде анықтайды,
сондықтан оның шамасы
әркезде
1 жоғары болады. Мұнай фракциясының қайнау температурасы
жоғары болған сайын, оның тығыздығы мен
сыну коэффициенті жоғары
болады. Сыну көрсеткіші арқылы мұнай өнімдеріндегі көмірсутектердің
топтық құрамы туралы болжам айтуға болады, ал тығыздық пен молекулалық
массаны қосып алғанда мұнай фракциясының құрылымдық-топтық құрамын
есептеуге болады.
3.7.3. Меншікті рефракция
Сыну коэффициенті мен тығыздықты
байланыстыратын көрсеткіш
меншікті рефракция
деп аталады. Меншікті рефракцияны майлардың
құрылымды-топтық көмірсутекті құрамын анықтауда қолданады.
Көмірсутектердің меншікті рефракцияларын салыстыру арқылы олардың
мына қатарда өсетінін көруге болады:
нафтендер
парафиндер
арендер
Қоспаның меншікті рефракциясы
құрамындағы компоненттердің
меншікті рефракцияларының орташа арифметикалық шамасына тең болады.
Достарыңызбен бөлісу: