А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы



Pdf көрінісі
бет31/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   153
Байланысты:
S4

3.5.5. Балқу температурасы 
Балқу температурасы кристалды мұнай өнімдерінің – парафиндердің, 
церезиндердің және восклердің қатты күйден сұйық күйге өту қабілетін, яғни 
фазалық алмасу температурасын сипаттайды.
Балқу температурасын Жуков әдісімен ГОСТ 4255-75 бойынша 
анықтайды. Сыналып отырған мұнай өнімін шамамен алынған балқу 
температурасынан 8-10 
о
С жоғары температурада балқытып, жақсы-лап 
араластырып, мөлдір Дьюар ыдысына құяды. Ыдысты термометр бар 
тығынмен жауып, температура 4-5 
о
С түскенше күтеді. Содан кейін құралды 
жақсылап шайқап, әрбір 1 минут сайын температураны бақылайды. Егер 
температура 3 мин ішінде өзгермесе, оны мұнай өнімінің балқу 
температурасы деп есептейді. 
3.6. Мұнай өнімдерінің өртену және жарылыс қауіптілігі 
3.6.1.
 
Жану температурасы 
Мұнай өнімдері стандартты жағдайда қыздырылған кезде бөлінген булар 
қоршаған ауамен араласып жанғыш қоспа түзеді.
 
Қоспаға от тигізгенде ол 
жарқ етіп жанады. Осы температураны 
жану температурасы 
деп атайды. 


42 
Жеке көмірсутектер үшін жану температурасы мен қайнау темпе-
ратурасының арасында белгілі бір сандық байланыс бар: 
0, 736
жану
кайнау
Т
Т


мұндағы Т
жану
және Т
қайнау
Кельвинмен берілген. 
Кең температуралар аралығында қайнайтын мұнай өнімдері үшін мұндай 
тәуелділікті қолдануға бомайды. Мұндай жағдайда мұнай өнімдерінің жану 
температурасы орташа қайнау температурасымен, яғни 
буланумен 
байланысты. Мұнай фракциясы жеңіл болған сайын оның жану 
температурасы да төмен болады. Мысалы, бензин фракциясының жану 
температурасы теріс мәнге (-40 
о
С дейін) ие болады, керосин фракциясы 28-
60 
о
С, майлы фракция 130-325 
о
С. Мұнай өнімдерінде ылғалдың, ыдырау 
өнімдерінің болуы жану температурасының мәніне көп әсер етеді. Бұл 
көрсеткішті өндірістік жағдайда алынған керосин және дизельді 
фракциялардың тазалығын анықтау кезінде қолданады. Майлы фракциялар 
үшін жану температурасы құрамында жеңіл буланатын көмірсутектердің бар 
екендігін көрсетеді. Күкірті аз парафинді мұнайлардан алынған майлардың
жану температурасы жоғары болады. Тұтқырлығы бірдей болғанымен 
шайырлы нафтенді-ароматты мұнайлардан алынған майлардың жану 
температурасы төмен болады. 
Мұнай өнімдерінің жану температурасын анықтаудың екі әдісі – ашық 
тиглде (ГОСТ 4333-87) және жабық тиглде (ГОСТ 6356-75) стандартталған. 
Ашық тиглде жану температурасын анықтау үшін мұнай өнімін алдымен 
натрий хлориді, кальций хлориді немесе сульфаты көмегімен судан 
тазартады, содан кейін тиглге белгілі деңгейге дейін құяды. Тиглді белгілі бір 
жылдамдықта қыздырып, шамамен алынған жану температурасына 10 
о
С 
қалған кезде тигльдің шетіне ақырындап жалын тигізеді. Бұл операцияны 
әрбір 2 
о
С сайын қайталайды. Мұнай өнімінің бетінде көк жалын пайда 
болған кездегі температураны жану температурасы деп санайды. 
Жану температурасын жабық тиглде анықтау үшін мұнай өнімін тиглдің 
ішіне белгілі деңгейге дейін құяды. Тиглді үнемі шайқап отырып қыздырады. 
Тиглдің қақпағын ашқан бойда жалынды тигізеді. 
Жану температурасын 50 
о
С төмен деп шамалаған жағдайда жану 
температурасын анықтауды 10 
о
С қалғанда бастайды, ал 50 
о
С жоғары деп 
шамалаған жағдайда – 17 
о
С қалғанда бастайды. Анықтауды әрбір градус 
сайын жүргізеді және бұл кезде тиглді шайқауды тоқтатады. 
Жабық тигльде жану температурасы 61 
о
С төмен барлық заттарды 
жеңіл 
тұтанғыш сұйықтықтарға
жатқызады, олар өз кезегінде өте қауіпті (-18 
о
С 
төтен), үнемі қауіпті (-18 
о
С-дан 23 
о
С дейін) және жоғары температурада 
қауіпті (23 
о
С-дан 61 
о
С дейін) болып бөлінеді. 
Жану температурасы мұнай өнімінің ауамен жарылғыш қоспа түзетін 
мүмкіндігін сипаттайды. Мұнай өнімдері буларының концентрациясы белгілі 
мәнге жеткен кезде, оның ауамен қоспасы жарылыс береді. Осыған сәйкес 


43 
мұнай өнімдері булары мен ауа қоспасының 
жарылыстың төменгі 
және
 
жоғарғы шегі
болады. Егер мұнай өнімдері буларының концентрациясы 
жарылыстың төменгі шегінен аз болса, онда жарылыс болмайды, себебі 
ауаның артық мөлшері бөлінген жылуды сіңіріп алады да, отынның басқа 
бөлігінің жануын тежейді. Ауадағы жанғыш заттар буларының 
концентрациясы жарылыстың жоғарғы шегінен артық болса да жарылыс 
болмайды, себебі қоспада оттегінің мөлшері аз болады. Көмірсутектер үшін 
жарылыстың төменгі және жоғарғы шегін мына формулалар бойынша 
анықтайды: 
)
1
(
21
,
1
100
1
)
1
(
85
,
4
100





m
N
m
N
ж
т
мұндағы 
N
т
 
және 
N
ж 
- жарылыстың төменгі және жоғарғы шегіне сәйкес 
келетін заттар буының ауадағы концентрациясы, (көлемдік %); 
т
– 
көмірсутектің бір молекуласының жануына қажетті оттегі атомының саны. 
Төменде жеке көмірсутектердің және басқа жанғыш заттардың ауамен 
қоспасының жарылыс шегі берілген (көлемдік %):
Көмірсутектер
N
т
N
ж
 
Көмірсутектер
N
т
N
ж
Метан 
Этан 
Пропан 
Бутан 
Пентан 
Гексан 
Этилен 
Пропилен
5,0 
2,9 
2,1 
1,8 
1,4 
1,2 
3,0 
2,2 
15,0 
15,0 
9,5 
9,1 
7,8 
7,5 
32,0 
10,3 
Ацетилен
Циклогексан 
Бензол 
Толуол 
Көміртек оксиді 
Сутегі 
Этил спирті 
2,5 
1,2 
1,4 
1,3 
12,5 
4,0 
3,6 
81,0 
10,6 
7,1 
6,7 
74,0 
75,0 
19,0 
Парафинді көмірсутектердің гомологты қатарында молекулалық масса 
өскен сайын 
N
т
 
және 
N
ж 
азаяды, жарылыс интервалы метан үшін 5-15%, 
гексан үшін 1,2-7,5% тартылады. Ацетиленнің, көміртек оксидінің және 
сутегінің жарылыс интервалы кең болғандықтан, олардың жарылыс 
қауіптілігі өте жоғары болады. Қоспада инертті газдар (азот, көміртек 
диоксиді және т.б.) болса жарылыс интервалы тартылады. Қысымның артуы 
жарылыстың жоғарғы шегінің көтерілуіне әкеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет