Флотация - физико-химиялық байыту əдістері,əрі көп қолданылатын əдіс. Бұл əдістің негізі-кендер мен
бос жыныстың бөлшектеріне судың жұғу жəне жұқпау қасиетіне негізделген. Флотация– физикалық-
химиялықбайытуəдісі, əрікөпқолданылатын əдіс. Флотация ағылшынша “Flotatіon” – қалқып шығу деген
сөз. Флотация технологиясының негізі – кендер мен бос жыныстың бөлшектеріне судың жұғу-жұқпау
қасиеттерінің əртүрлі болуына негізделген. Флотация үдерісін жүргізу үшін кенді өте ұсақ етіп ұнтақтап,
сумен араластырып пульпа (қойыртпақ) түрінде арнаулы ыдысқа құяды, суға екі полюсті органикалық зат
қосады (1 т кенге 400 г есебінде). Бос жыныс бөлшектерінің сыртына су молекулалары адсорбцияланады,
өйткені олар – жұғатын гидрофильдік заттар. Пульпа құйылған флотация машинасының астыңғы жағынан
сығылған ауа жібергенде, ауа көпіршіктері түзіледі, сол ауа көпіршіктерінің сыртқы қабықшасына
жұқпайтын (гидрофобты) кен бөлшектері жабысады. Осындай ауаның көпіршіктері жоғары көтеріліп
пульпа бетіне концентрат түзеді (маймен адсорбцияланған кеннің бөлшектері). Бөлшектеріне су сіңген
(гидрофильді) бос жыныс ауырлап ыдыс төбіне шөгеді. Флотация қалдықтарын (флотация құйыршығы)
түзеді. Көбікті жинап, оны сығу арқылы байытылған кенді алады.
Aуа араластырғышы бар флотациялық машина
1 – резервуар; 2 – бөлгіш; 3 – ауалы түтік; 4 – концентратты қабылдайтын ыдыс
5.
Термиялық байыту - ұсақталған шикізат құрамындағы компонеттердің балқу айырмашылығына
негізделген.
6.
Химиялық байыту - шикізат құрамындағы компонеттердің химиялық реагенттерімен əрекеттесу
айырмашылығына негізделген.
7.
Сұйық материалдарды байыту . Сұйық материалдарды байыту келесі əдістерге негізделген: еріткішті
буландыру, ерітіндіге пайдалы компонентті үстемелеп қосу, ерітіндіден бөгде заттарды тұнбаға түсіру
немесе оларды газ күйіне ауыстыру
8.
Газдарды байыту -белгілі бір газды бөліп алу олардың қоспа құрамындағы газдардың қайнау, сұйыққа
айналу температураларының, ерігіштігінің айырмашылығына негізделген.