1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамаларын сипаттап, мысалдар келтіріңіз.
Технология, химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша
материалдар, қалдықтар.
Технология
– табиғи шикізатты тұтыну бұйымына жəне өндіріс құралына дейін өңдеудің əдістерімен
құралдары туралы ғылым.
Технология 2-ге жіктеледі: химиялық және механикалық.
Химиялық технология
- шикізатты химиялық өңдегенде табиғаты жағынан күрделі процесс, құрамы мен
ішкі құрылыстары өзгереді.
Механикалық технология
- шикізатты өңдегенде бастапқы заттардың құрамы жəне ішкі құрылыстары
өзгермейтін процесс.
Химиялық технологияның негізгі ұғымдары
Химиялық өндіріс
– шикізатты қажетті өнімдерге химиялық өзгерістер жолымен өңдеуге арналған
машиналар мен аппараттарда жүзеге асырылатын процестер мен операциялардың жиынтығы.
Технологиялық процесс
– шикізат жəне материалдарды өнімдерге дейін өңдеу операциялары мен
үдерістердің жиынтығы.
Химия-технологиялық процесс
– бастапқы затты өнімге айналдыру кезіндегі химиялық жəне физико-
химиялық процесстердің тізбегі.
Шикізат
– өндіріс өнімдерін өндіруге пайдаланатын табиғи заттар жəне жартылай өнімдер. Шикізат –
өндірістің экономикасын көрсететін, өндірілетін өнімнің технологиясы мен аппараттарының таңдалуы мен
сапасы тəуелді болып келетін өндірістің ең негізгі элементі.
Реагент
— химиялық реакциялардағы бастапқы заттарды анықтайтын техникалық термин. Сондай-ақ қандай
да бір мақсатқа қолданылатын құрамы күрделі ерітінділерді де реактив деп атайды.
Мақсатты өнім (дайын өнім)
- кəсіпорында жасалып шыққан (өңдеудің барлық сатыларынан өткен) жəне
өндірістік немесе жеке бастың тұтынуы үшін жарамды өнімдер.
Достарыңызбен бөлісу: |