химиялық тепе-теңдік орнайды.
Химиялық реакцияның тепе-теңдігіне əсер ететін параметрлер:
Температура;
Қысым;
реакцияға түскен заттардың концентрациясы.
Осы параметрлерді өзгерте отырып іс жүзінде тепе-теңдікті қалаған жағымызға ығыстыруға болады.
Тепе-теңдіктегі мына теңдеуді қарастырайық
А+Б = В+Г қайтымды реакция Концетрация - Реакцияға түскен заттардың концентрациясы мақсатты өнімнің шығымына үлкен əсер етеді.
Егер А мен Б-ның концентрациясын көбейтсек, реакция өнімінің де концентрациясы көбейеді. Өйткені
берілген температурада К-тұрақты. Егер реакция өнімінің концентрациясын азайтсақ, оған сəйкес əуелгі
заттың да концентрациясы азаяды, яғни олардың өңдеу дəрежесі өседі.
Температура - егер қайтымды экзотермиялық реакциясы жүрсе. Онда бөлінген жылудың əсерінен
реакциялық қоспаның температурасы артады да тепе-теңдік солға қарай жылжиды, сөйтіп мақсатты өнімнің
шығымы азаяды.
Енді қайтымды эндотермиялық реакцияны қарастырайық.
бұл реакцияда система суығанда жылу беру керек,
сонда тепе-теңдік оң жаққа, яғни өнім алатын жаққа қарай жылжиды. Сонымен қатар температура
көтерілгенде тепе-теңдік эндотермиялық реакция бағытына қарай, ал температура төмендегенде
экзотермиялық реакция бағытына қарай ығысады. Мұны Ван-Гофф заңы дейді. Ван-Гофф заңы Ле-Шателье
принципінің бір түрі.
Қысым- Химиялық тепе-теңдікте тұрған заттардың ішінде газ күйіндегі заттар болса, онда тепе-теңдікке
қысымның да əсері болады. Ле-Шателье принципі бойынша тепе-теңдікте тұрған системаның сыртқы
қысымын арттырғанда тепе-теңдік системадағы молекулалардың жалпы саны азаятын реакцияның бағытына
қарай ығысады.
Химиялық айналулар стехиометриясы. Өнеркəсіптік химиялық-технологиялық үдерістердің негізіне жататын химиялық реакцияларды өрнектеу
үшін химияның негізгі заңдары – стехиометрия заңдары, химиялық тепе-теңдік жəне химиялық кинетика
қолданылады.