3. Химиялық өндіріске анықтама беріңіз және салаларын жіктеңіз. Химиялық өндірістің құрылымы
мен функционалдық элементтерін сипаттаңыз.
Химиялық технологияның зерттеу объектісі –
химиялық өндіріс
болып табылады.
Химиялық өндіріс
– шикізатты қажетті өнімдерге химиялық өзгерістер жолымен өңдеуге арналған
машиналармен аппараттарда жүзеге асырылатын үдерістер мен операциялардың жиынтығы.
Химиялық өндіріске қойылатын талаптар:
– өндірісте қажетті өнімдер алу;
– экологиялық қауіпсіздік;
– пайдаланудың қауіпсіздігі жəне беріктігі;
–шикізат жəне энергияны максималды пайдалану;
– максималды еңбек өнімділігі.
Шикізатты өнімдерге дейін өңдейтін химиялық өндіріс.
Химиялық өндірістің компоненттері ауыспалы жəне тұрақты болып бөлінеді.
Ауыспалы компоненттер
– өңдеуге түсетін шикізат, қосымша материалдар, негізгі жəне қосымша өнімдер,
өндіріс қалдықтары, өндірістің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін энергия өндірісте тұрақты түрде
тұтынылады немесе түзіледі.
Тұрақты компоненттер
– аппаратуралар (машиналар, аппараттар, түтікөткізгіштер, арматура,
сыйымдылық), басқару жəне бақылау қондырғылары, құрылыс конструкциялары (ғимарат, құрылғы),
қызметкерлер (жұмысшылар, аппаратшылар, инженерлер жəне т.б. өндіріс жұмысшылары) өндірістің
пайдалану мерзімінде тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: