йыны домбыққанда тынысы қырылдап, қиындайды, шұбатылып сілекей аға-
ды, көзге көрінетін кілегейлі қабыктары көкшілденіп, қанталап тұрады.
Кейбір жануарлардың делебесі қозады (бұзауда болатын пастереллездік
менингоэнцефалит).
Пастереллездің көкіректегі түрі кезінде крупозды (фибринді) пневмония
кездеседі, жануар күйзеліп, қимылдан қалады, таз қарынның атониясы, ты-
ныстың жиілеп, қиындауы байқалады, ауырсынып қүрғақ жөтеледі, танауы-
нан көбік аралас сора ағады. Аурудың соңғы кезінде нәжісінде қан араласып
іші өтеді де, көп жағдайда 5-8 күн арасында өліп қалады.
Ішектегі түрі кезінде негізгі симптомдары ішектердің зақымдануына
байланысты болады да, пнемвонияның белгілері онша біліне қоймайды.
Аппетиті сақталмаған жануар тез арықтап, қаны азайып, күйзеліске ұшырай-
ДЫ:
Созылмалы өткенде жануардың тыныс алу, ас қорыту мүшелерінің за-
қымдану белгілері ішектегі түрімен салыстырғанда бэсеңдеу болады, бірақ,
іші өтуі салдарынан арықтап, кахексияға үшырайды.
Қойдыц пастереллезі
жіті өткенде бүл ауруға тән өлітиюдің клиникалық
белгілері сирек байқалады. Дененің ыстығы көтерілуі мен жалпы күйзеліске
ұшырауымен қатар алдыңғы тұла бойының тері астындағы шелі домбығып
фибринді пнемвония өрбиді. Мал эдетте 2-5 күн ішінде
Достарыңызбен бөлісу: