Оқулық «Білім беруді дамыту Федералды институты»



Pdf көрінісі
бет10/110
Дата13.03.2023
өлшемі4,68 Mb.
#172057
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   110
Байланысты:
ӨНДІРІСТІ АВТОМАТТАНДЫРУ НЕГІЗДЕРІ

2.2.
 
АЛГОРИТМНІҢ ТҮРЛЕРІ
2.2.1.
 
Тізбектік алгоритмдер 
Жоғарыда қарастырылған алгоритмдер ең қарапайым болып 
саналады. Олар жазылған қалпында орындалатын бірізді әрекеттерді 
суреттейді, яғни, бірінен кейін бірі орындалады. Бұл әрекеттерді 
орындау үшін қажетті заттар дайын және оларды орындау барысында 
сұрақтар мен қиындықтар туындамайды, яғни, нан нансалғышта тұр
май – тоңазытқышта, оқулық – үстелдің үстінде, ал сізден тек қана 
алгоритмде берілген әрекеттерді рет-ретімен орындау талап етіледі. 
Бірінен соң бірі рет-ретімен орындалатын алгоритмдер 
тізбектік 
алгоритмдер
деп аталады. 
2.2.2.
 
Тармақталған алгоритмдер 
Шынайы өмірде барлығы да оңай емес. Сіздің бутерброд жегіңіз 
келді, нансалғышты аштыңыз, ал онда нан жоқ. Не істеу керек? Егер 
шынымен де қарныңыз ашып тұрса, дүкенге барып нан сатып алып 
келуге тура келеді. Бұл ретте сіздің әрекетіңіз жағдайға байланысты 
болады – нансалғышта нан бар ма, жоқ па? 


18 
Мұндай жағдайда бутерброд жеуге деген құштарлығыңыздан 
кейінгі сіздің әрекетіңіздің реті төмендегідей болады: 
1.
 
Нансалғышты ашу. 
2.
 
Егер нан бар болса, оны алу. 
3.
 
Нансалғышты жабу. 
4.
 
Егер нан жоқ болса, онда дүкенге бару. 
5.
 
Нан сатып алу. 
6.
 
Нанды үйге алып келу. 
7.
 
Нанды үстелге қою және т.б. 
Сіз ерекше көңіл бөлуді қажет ететін жолдар жартылай қою 
шрифпен белгіленген, яғни, біздің жағдайда сіздің әрі қарай атқаратын 
әрекеттеріңіздің шарттары берілген. 
Сонымен, сізде бутерброд бар, бірақ әрекеттер ретін баяндауда 
белгісіздік жағдайы пайда болды. Егер осы баяндауды қатаң сақтасақ, 
нансалғышта нанның болуына қарамастан және 2- әркетті ойдағыдай 
орындағанмен, сізге 3,4,5 және 6-әрекеттер ретін орындай отырып, 
бәрібір дүкенге бару керек болады. Әйтпесе 3-әрекеттен кейін не істеу 
керектігі түсініксіз болып қалады. 
Нансалғышты жабу

Әрине, сіз 
парасатты адам ретінде әрі қарай не істеу керектігін білесіз. Ал егер 
осы жағдайда алгоритмді орындау машинаға тапсырылған болса қалай 
болады?
Мұндай жағдайда алгоритмнің сипаттамасына кейбір нақтылықты 
енгізу керек екендігі анық. Біріншіден, бір кездерде әрекеттерді 
орындау ретінің бұзылуы мүмкін екендігін көрсету керек және сол 
кезде келесі әрекетті таңдауға болады. Бұл таңдау кейбір шарттарды ( 
нансалғышта нан бар ма) орындауға (немесе орындамауға) байланысты 
болады. Екіншіден, қандай да бір нәтижені таңдау барысындағы 
кезекті әрекеттің нақты қандай болатындығын көрсету қажет. 
Жағдайды таңдау белгісі болып «егер» сөзі қызмет етеді, ол шартты 
енгізеді (нан бар). Бірақ нанның болмау мүмкіндігіне байланысты 
алгоритмде тағы бір «егер» болуы мүмкін, ол қарама қарсы шартты 
енгізеді (нан жоқ). Бұл жағдайларда шатаспас үшін, әдетте, екінші 
шартты «әйтпесе» сөзімен алмастырады: 
1.
 
Нансалғышты ашу. 
2.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет