Зерттеудің жаңалықтары:
-
фольклорлық ілкі мәтіндер
қазақ тіл білімінде алғаш рет зерттеудің
арнайы нысанына алынды;
-
интертекстуалдылық байланыс
прецедент ұғымын зерттеудің
алғышарты ретінде қарастырылып, ілкі мәтін фольклор мен кейінгі мәтін
кӛркем әдебиеттің тілдік сабақтастығы тұрғысынан зерттелді;
- қазіргі кӛркем әдебиеттегі фольклоризмнің ілкі мәтін ретіндегі тілдік
кӛрінісі, берілу жолдары анықталды.
Соның нәтижесінде кейбір ілкі
есімдердің
жаңа мәнге, болмаса қосымша мәнге ие болғандығы, кейбір ілкі
есімдердің мағынасы сӛз тудырушы жұрнақтар әсерінен «жекеден -
жалпыға» қарай индукциялық жолмен ӛзгергені анықталды. Жекелеген
мифтік топонидердің мифтік сипаты ақиқат сипатқа кӛшкені белгілі болды.
Ілкі мәтіндерді зерттеу қоғаммен бірге адам
санасы дамуының барысын
байқаудың алғышарты деп тануға болатындығын кӛрсетті.
-
фольклорлық
прецеденттің
қазіргі
кӛркем
шығармаларда
мәтінтүзушілік, атауыштық-сипаттаушы, бағалауыштық, прагматикалық,
моделдік,
эстетикалық, мифологиялық, эвфемистік, парольдік қызмет
атқаратыны айқындалды.
- фольклорлық прецедентті мәтіндерге тән тӛмендегідей қасиеттері мен
белгілері анықталды:
факт болып табылады; жиі айтылатындығымен/
қайталанатындығымен ерекшеленеді; рефлексия тудырады; ойды үнемдеп
бере алады; әсер ету ықпалы зор;
қабылдау инварианты бар; жасырын
мағынаға ие; метафорланған; ассоциациялық тізбектен тұрады;
бағалауыштық мәні/ сипаты басым.
Достарыңызбен бөлісу: