Ӛлең жолдарынан аңыз желісі бойынша Жиренше шешен айтты деген,
танымдық – прагматикалық әлеуеті зор
«Ӛз үйім - ӛлең тӛсегім!»
- атты ілкі
айтылысқа меңзеліп, тұспалдап айтылған дүниені аңғаруға болады.
Сонымен,
аллюзия екінші бір мәтінде түр-тұлғасы жағынан ӛзгеріске
түскенімен, ішкі мағынасын сақтай отырып, мәтінаралық байланысты
жүзеге асырады.
«Мәтін ішіндегі мәтінде» аллюзиялық қолданыстағы мәтін
бастапқы мағынасын сақтай отырып, ӛзі енген мәтіннің мағыналық ӛрісін
кеңейту мүмкіндігімен ерекшеленеді. Мағына жағынан құбылу қасиетіне ие
болады
.
3. Ілкі мәтіннің қазіргі кӛркем шығармада реминисценция арқылы берілуі.
Реминисценцияны
қазақ тілінде шартты түрде «жаңғырық» деп атауға
болады, мысалы, Б. Сарыбайдың «Қараторғай» әңгімесіне тоқталсақ.
«Қараторғай» әңгімесі «Қара батыр» ертегісінің
ізімен жазылғандығы
әңгіменің мазмұнынан, әңгіменің аяқталу стилінен байқалады. Ертегіде Қара
батыр түрікпен елінің жортуылшыларына ұсталынып қалып, солардың елінде
қой бағып, аш, жалаңаш, қамығып жылап жүрсе, «Қараторғай» әңгімесінде
бас кейіпкер Темірдің әкесіз ӛсіп, шешесінің аз ғана еңбекақысы
күнкӛрістеріне жетпей, тағдырдың тауқыметін тартып, ұрлықпен түрмеге
түскен баланың тағдыры сӛз етіледі. Ертегінің кейіпкері құлдыққа түссе,
әңгіменің кейіпкері түрмеге түседі. (Б.Сарыбай. Қараторғай, 10б.)
4. Ілкі мәтіннің қазіргі кӛркем шығармада эпиграф арқылы берілуі.
«Ӛстіп жылап жүргенде,
Ӛткенің бе, дүние боқ ...»
«Қобыланды жырынан» (Бӛкен Абзал. Дүние, 19 б.)
Қорыта келгенде, фольклорлық шығармалар қазіргі кӛркем шығармада
дәйексӛз, аллюзия, реминисценция, эпиграф, тұтас мәтін күйінде, авторлық
код, коллаж түрінде кездеседі. Аталған әрбір форма шығармаларда нақты бір
қызмет атқарады. Мысал үшін:
оқиғаны суреттеу, шығарма кейіпкерлерінің
айтар ойының, сӛйлер сӛзінің кӛркемдігін, әсерлігін арттыру; ойды
ықшамдау, ойды нақтылау, қандай да бір прецедентті кейіпкердің нақты бір
белгісін меңзеу, болмаса шығарма кейіпкерінің табиғатын,
болмысын ашу;
сӛз қуатын арттыру, сендіру, мәтінге стилистикалық ӛң беру мақсатын
жүзеге асыру үшін жұмсалады.
Бірінші тараудың
Достарыңызбен бөлісу: