133
болған жоқ. Сондықтан да Омбы мен Петропавлда қоныс аударушылар
пункттерi мен аурухана барактары жедел түрде салына бастады.
Ереже бойынша жергiлiктi халықтың «басы ар тық» жерлерiн, ондағы
суару жүйесi мен су көздерiн қоса жап пай тартып алу көзделдi. Қоныс
аударушыларға арналған қор құру үшiн «басы артық» жерлердi iздеп табу
міндеттелінді. Патша үкiметi қоныс аударту басқармаларына қазақтардың
жерлерiн тартып алуына және оларды ғасырлар бойы ежелгi отырған
атамекенiнен күштеп қуып шығуына толық құқық бердi.
Қоныс аударып келген шаруалар өз алдарына жеке болыстарға бi-
рiктiрiлдi. Алғашқы кезде олар уезд бастығына бағындырылды, кейіннен
шаруалар бастығы деген лауазымды қызмет пайда
болды.
Достарыңызбен бөлісу: