Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


ресей империясының аумағындағы казак



Pdf көрінісі
бет52/196
Дата15.03.2023
өлшемі32,77 Mb.
#172634
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   196
Байланысты:
Снимок экрана 2023—01—17 в 17.53.40

ресей империясының аумағындағы казак 
әскерлерінің атқарған негізгі қызметі
Ресейге жаңа жер қосып 
алуға белсене қатысу
Шегараны қорғау
Ұлт-азаттық көтерілістер, 
шаруалар мен жұмысшылардың 
көтерілістерін аяусыз басуға 
белсене қатысу
Бекініс құрылыстарын 
салуға қатысу, полицейлік 
қызмет атқару
Орыс армиясының шетелдерге 
жасаған жорықтарына қатысу
тірек сөздер:
• Казак 
әскерлері
• Мещеряктар
Басқа қалалық
адамдар
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Кни а
е
ста ена
иск
чите н
б аз ате н х
е
х
с
асн
иказа
инист а
б аз ани
и
науки
ес уб ики
Казахстан
т
17 
а
2019 
а
217


58
Казактардың патша үкiметiнiң әкiмшiлiгiне шын 
берiле адал қыз мет етуi үшiн оларға ең таңдаулы құнарлы 
жерлер бөлiндi. Казактар ға бөлiнетiн жер телiмi Ресей-
ден қоныс аударып келген шаруалардың жер телiмiнен 
әлдеқайда артық болды. Казактардың сонымен қатар тұз кәсiпшi лiк терiн, 
орман дарды, өзендер мен көлдердi пайдалануға да ерекше құқықтары 
болды. 
Казактар әскери қызметке өз қару-жара ғымен, киiм-кеше гiмен, азық-
түлiгiмен, өз аты мен шығатын. 
1835 
жылға дейiн казактар әске ри қызметтi 
өмiр бойы жалдану тәртiбiмен атқаратын. Ке-
йiнiрек Ресей империясындағы барлық казак-
тар үшiн әскери қызмет мерзiмi 30 жыл болып 
белгiлендi.
ХIХ ғасырдың орта кезiндегi соғыс уақыт-
тарында Ресей казактары 160 мыңға дейiн 
жа уынгер жасақтай алатын. Казактар қатары 
олардың табиғи өсуi есебiнен ғана емес, сонымен 
қатар бұл топқа орыс шаруаларын қабылдау 
арқылы да арта түс тi. Казактардың әсiресе Сiбiр 
казактарының құрамы тұтқынға түс кен швед, француз, поляктардың 
есебiнен де толығып отырды. Ка зак тардың қатарына орыс емес халық-
тардың өкiлдерi – татар, баш құрт және қалмақтар да қабылданды. 
Казактар мен қазақтардың арасындағы қарым-қатынас әртүрлi қа-
лыптасты. Бiр жағынан, олардың арасында тауар алмасу кеңiнен өрiс алды, 
тiл және мәдениет саласында жақындасу нығая түстi, ал екiншi жағынан, 
өзара әскери қақтығыстар жиi-жиi болып тұрды. Ондай шиеленiстi 
оқиғалардың негiзгi себебi жер дауына байланыс ты күрес едi. Бұл жағдай 
қазақтардың казак бекiнiс қамалда ры мен станицаларына шабуыл жасап 
тұруына себеп болды. Өз кезе гiн де казактар да жазалау экспедициялары 
құрамында қазақ ауылда рына шабуыл жасап жүрдi. Жайық, Орынбор, 
Сiбiр және Жетiсу ка зак тарының әскерлерi қазақ халқының ұлт-азаттық 
көтерiлiстерiн аяусыз басып-жаншуға белсене қатысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет