83
1836
жылдың күзiнде Исатай Тайманұлы әртүрлi
рулардың ауылдарын аралап жүрiп, Жайық казак
әскерлерiнiң иемденiп отырған жер лерiн өз беттерiнше
тартып алуға шақырды. Көтерiлiс көсемiнiң ха лық
арасындағы беделi мен абыройы күн санап арта бердi.
Кө те рi лiсшi лер хан жасағына есеңгiрете тойтарыс бердi. Ханның төңi-
ре гiн дегi жан дайшаптардың бiрi би Балқы Құдайбергенұлы көтерілісті
бастаған қазақтарға шабуыл жасады.
Исатай шабуыл жасағандарды жазалау үшiн
құрамында 270 сарбазы бар қарулы жасақты
жұмсады. Олар әлгi бидiң ауылын шауып, толық
күйзелтiп кеттi.
Ендi кө терiлiс аумағының шегарасы кеңейе
түстi. Көтерілiс шiлердiң қа тары да ұдайы арта
бердi. Көтерiлiс ауқымынан қауiп тенген Орын бор
шегара комиссиясы Исатай Тайманұлын ұстап
алып, iсiн сотта қарауға тапсырма бередi. Бұған қарсы генерал-губернатор
В.А. Перовскийге
көтерiлiсшiлердiң басшысы шағым жасады.
Исатай батыр оған жолданған өтiнiш-шағымында былай деп жаз ды:
«Бiздiң өтiнiштерiмiз бен шағымдарымызға ешкiм де құлақ аспайды.
Бiздiң мал-мүлкiмiздi талан-таражға салып, тонап кетедi. Сөйтiп, бiз
император тақсырдың қол астына адал ниетпен берiл ген дiгiмiз жөнiнде
ант қабылдаған бола тұрсақ та, күн сайын қорқы нышты үрей кешемiз».
1837
жылдың жазы мен күзiнде көтерiлiсшiлер iрi байлардың
ауылдарына шабуылды күшейттi. Сол жылы күзде құрамында 200 сар-
базы бар жасақ Қарауылқожа Бабажанұлының ауылын шауып, күл-
талқан етiп кеттi. Елу адам, соның iшiнде екі сұлтан тұтқынға алынды.
Көтерiлiсшiлердiң елеулi күшi бiрте-бiрте Хан ордасына жақын дап келе
жатты. Көтерiлiсшiлер Жәңгiр ханды жақтаушылардың мал-мүлкi мен
шұрайлы жайылымдарын басып алумен болды.
Көтерiлiсшiлер Астрахан губерниясы Чернояр уезiнiң аумағын да ба-
сып өттi. Олар қалмақтар және татарлар дың ауылдарына ша буыл жасап,
талқандап кеттi.
Достарыңызбен бөлісу: