84
Ол көтерiлiсшiлермен келiссөз жүр гiзуге көштi.
Ханның қолына жаңа талап-петиция табыс етiлдi.
Онда, егер ханға қойылып отырған талаптар орын-
далмайтын болса, көте рi лiсшiлердiң бүкiл ауыл-
аймағымен Iшкi Орданы тастап, кө терiле көшiп
кететiнi ескертiлдi. Оған халық арасында ықпалды
үш жүз рубасы мен старшын және батырлар қол
қойды.
Патша үкiметiнiң әкiмшiлiгi де қатты алаңдады.
Көтерiлiсшiлер Жайықтан бұзып-жарып сыртқы
бетке көшетiндей күн туа қалса, оған қарсы алдын ала шұғыл шаралар
қабылдауға кiрiстi. Шегара бекiнiсi күшейтiле бастады.
Исатай Тайманұлы ханмен екi арадағы шиеленiстi жағдайды бей бiт
келiссөздер арқылы шешуге болатынына патша әкiмшiлiгiн сен дiруге ты-
рысты. Батыр уақыттан ұтуды ойластырды. Қыс түсiп Жайықтың мұзы
қатқан бойда оның сол жақ бетiне көшiп кетпек болды.
Ал бұл екi арада Орынбор әкiмшiлiгi мен Жәңгiр хан
казак тардың әс кери күштерiн шұғыл түрде топтастырып
үлгердi. Жазалау шараларын жүзеге асыратын Жәңгiр
хан жасақтары да әзiр болды. Сөйтiп, қысқа мерзiмнiң
iшiнде көтерiлiсшiлерге қарсы 1000-нан астам адам шоғырландырылды.
Достарыңызбен бөлісу: