87
мен Жо ламан Тiленшiұлы бастаған жасақтарымен
байланыс жасай алмады. Патша үкiметiнiң әскерлерi
мылтық, зеңбiректермен жарақтандырылған едi.
Кейде зеңбiректен үстi-үстiне бiрнеше оқ атудың
өзi көтерiлiсшiлердi кейiн шегiнуге мәжбүр еттi.
Қазақтардың қо лында ондай қару болған жоқ. Көтерiлiстiң жеңiлiп
қалуының басты себептерiнiң бiрi бұл жолы да, Сырым Датұлының
жасақтары сияқты, екi бағытта – әрi патша үкiметiне, әрi хан билiгiне
қарсы күрес жүр гiзiлдi.
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өте мiсұлы бас-
қарған көте рi лiстiң зор тарихи маңызы болды. Бұл
патша үкiметi құрған жа ңа әкiмшiлiк аумақтағы қа-
зақтардың отар шыл дық қа қарсы iрi бас кө теруi едi.
Оның ұлт-азаттық сипаты басым бол ды. Көтерiлiс аяу-
сыздықпен басылған нан кейiн де жалғаса бердi.
Жәңгiр хан көтерiлiсшiлердiң кейбiр талаптарын орындауға мәжбүр
болды. Атап айтқанда, халықтан жиналатын алым-салық төлемiн едәуiр
жеңiлдеттi. Патша үкiметiне наразылық бiлдiрген стар шындардың
пiкiрiмен санасу керектiгiн түсiндi. Көтеріліс басшыларының ұрпақтары өз
батырларының ерліктерін мәңгі есте қалдыру мақсатымен олардың есімдерін
бірқатар қала, көшелерге қойды. 2003 жылы Махамбет Өтемісұлының
туғанына 200 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.
?
1. 1836–1838 жылдарда Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемiсұлы бас таған
көтерiлiстiң негiзгi себептерi неде болғанына сипаттама бе рiң дер. 2. Қосымша
материалдарды пайдалана отырып, Ма хамбет Өте мiсұлының өздерiңе ұнаған бiр
өлеңiн жатқа айтып берiңдер.
Достарыңызбен бөлісу: