103
едi. Бiрақ Хиуа ханы оның өтiнiшiн қабыл алмады, Жан қо жа батырдың
күшейiп кетуiнен қорықты.
Патша үкiметiнiң әскери әкiмшiлiгi Жанқожа Нұрмұ ха медұлының
көзiн жою үшiн арнаулы жазалаушы әскер жiбердi.
1860
жылы жаза-
лаушы әскер Қызылқұмның iшiндегi Жанқара көлiнiң басында
отырған
Жанқожа батырдың ауылын қоршауға алды. Қанды шай қас тың бары-
сында Жанқожа батыр жа залаушылардың оғынан қаза тапты. Батырдың
өмiрден өтер кездегi соңғы сәтiн Л. Мей ер бы лай деп суреттейдi:
«Қарт
батыр оқ өтпейтiн сауытын киiп, қару-жарағын асынып, үйiнен шығып
үлгердi. Бiрақ аты жоқ екен. Ажалымның жет кен жерi осы екен деп, ол бiр
төмпешiктiң үс тiне аспай-саспай шығып алды да, өз иманын өзi үйiрiп,
дұға оқи бастады... зулаған оқтар... көпке дейiн оның сауытынан өтпей,
тайқып ұшып, керi түсiп жатты. Ақырында бiр оқ оның мойнына дәл
тиiп, қарт батырдың өмiрiн қиып кеттi».
Жазалаушы отряд көтерiлiсшiлердiң ауылдарын
ойран
сала шауып, аяусыз тонады, үйлердi өртеп,
малдың бә рiн айдап әкеттi. Көтерiлiске белсене
қатысқандар жазалау шара лары ке зiнде қаза тапты.
Мал-мүлкi түгел тоналған шектiлер ашар шылық қа
ұшырады. Олардың бiр бөлiгi Хиуа хандығы жағына
өтiп кеттi, ен дi бiр бөлiгi әскери бекiнiстерге қайта
оралып, аштан қырылып қалмаудың қамын жасады.
Жанқожа батырды оның парасаттылы ғы мен ержүрек батырлығы үшiн
орыс әскерилерiнiң өздерi де қатты сыйлайтын. Сыр бойының қазақтары
оны қасиеттi адам деп санайтын. Халықтың сүйiктi ұлы болған оны зор
құрметпен жерледi.
Достарыңызбен бөлісу: