Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет99/196
Дата15.03.2023
өлшемі32,77 Mb.
#172634
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   196
Байланысты:
Снимок экрана 2023—01—17 в 17.53.40

Жасауыл
– патша армиясындағы казак офицерлерiнiң шенi.
Жанқожа Нұрмұхамедұлы
(1774–1860) – Кiшi жүздiң әлiм тайпасы шектi 
руынан шыққан белгiлi батыр әрi би. Қазақтардың патша үкiметiне, Хиуа мен 
Қоқан хандық тарына қарсы ұлт-азаттық көтерілістің басшысы. 
Есет Көтiбарұлы
(1807–1888) – Кiшi жүздiң белгiлi батыры. Хиуа, Қо қан 
хандықтары на және Ресей империясына қарсы бағытталған көтерiлiстердiң 
жетекшiсi.
«Кенесары Қасымов қайтыс болғаннан бері сұлтандар хан билiгiн қай-
тадан қалпына келтiруге тырысқан әрекеттерiн қойды және олардың 
халыққа ықпалы да қалмай бара жатыр. Бiрақ бұрын ғы дай бостандық 
жөнiндегi мәселе әлi ұмыт болған жоқ. Бұрынғы сұл тандардың орнын соңғы 
кезде қырғыз (қазақ. – авт.) батырлары басып, олардың iсiн жал ғастыруда. 
Бiздiң бұл еңбегiмiзде сондай екi батырдың – Жанқожа Нұр мұхамедұлы мен 
*
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Кни а
е
ста ена
иск
чите н
б аз ате н х
е
х
с
асн
иказа
инист а
б аз ани
и
науки
ес уб ики
Казахстан
т
17 
а
2019 
а
217


106
§29–30.
Бүгінгі сабағымызда оңтүстік аймақтардың Ресей империясына қосылуының 
ерекшеліктерін анықтаймыз.
Есет Көтiбарұлын атап айтудың маңызы зор. Бұл екi батыр да Арал теңiзiнiң 
төңiрегiндегi орасан зор кеңiстiкте көшiп-қонып жүретiн үлкен ру – шектiден 
шыққан... Жан қожа мен Есеттiң екеуi де қарапайым қыр ғыздардың (қазақ-
тардың. – авт.) қалың бұқарасының арасынан ерекше көзге түскен тұлғалар. 
Екеуi ақыл-ойға, дене күшiне бай, ат құ лағында ойнайтын шебер шабандоздар, 
оның үстiне, Жанқожа қара қыл ды қақ жарған әдiл би ретiнде де кеңiнен 
танымал. Бұл екi батыр Кенесары Қасымов қайтыс болып, тарих сахнасынан 
кете салысымен-ақ шектi руын өздерiнiң қалаулары бойынша басқара бастады. 
Олар ешқандай да сырт қы билiкке бағынбағанымен қоймай, өздерiнiң ықпалын 
көршi рулар ға да күшейтуге, кеңiнен таратуға тырысуда».
Добромыслов А. И
. Торғай облысы. Тарихи очерк // Императорлық Орыс 
геогра фиялық қоғамының Орынбор бөлiмшесiнiң хабаршысы. Тверь, 1902, 
№17, 405-бет.
1. Кенесары Қасымұлы қаза тапқаннан кейiн көтерiлiске шыққан қазақ-
тарды кiмдер басқарды? 2. Халық батырлары Жанқожа мен Есеттiң қандай 
қасиеттерi бар едi?
ХIХ ғасырдың 50–60-жылдарында Орынбор мен Омбы тарапынан пат-
ша үкiметi әскери күштерiнiң iлгерi жылжуы басталды. Сырдарияның 
бойында әскери шегара шебi құрылды. Жетiсу жерiне казак әскер лерi 
орналасты. Орта Азиядағы мемлекеттердi – Хиуа, Қоқан және Бұхар 
хандықтарын бағындырудың сәтi түстi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет